Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстанда мерзімінен бұрын өтетін Парламент сайлауын бақылау жөніндегі миссиясын ашты. Бұл миссияға Миклош Харасти жетекшілік етеді.
Бақылаушылардың мақсаты - еліміздегі алдағы өтетін сайлаудың Ұйым принциптеріне және халықаралық стандарттарға, сондай-ақ, заңға сәйкес келуін қадағалау. Миссия құрамына 15 сарапшы мен 28 ұзақ мерзімді бақылаушы кіріп отыр. Олар дауыс беретін күнге бір ай қалғанда бүкіл республика бойынша сайлау учаскелеріне бөлініп, саяси үгіт науқанын, сайлау заңдылығы мен оның құқықтық қолданысын, БАҚ-тармен жағдайды, сайлау комиссиялары мен басқа да маңызды мемлекеттік құрылымдардың жұмысын, сондай-ақ, туындайтын даулы мәселелерді шешу жолдарын қадағалайтын болады. Екі ұзақ мерзімді бақылаушы - Атай Сабыров пен Стэн Гурик мырзалар осындай жұмыстар атқару үшін Ақмола облысына келді. 26 желтоқсан күні олар Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченкомен кездесті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.