Кеше облыс әкімі Сергей Дьяченко «Достар» мәдениет сарайында «Ақмола облысының спорт тарландары» облыстық форумына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жыл ішінде үздік нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен жаттықтырушыларға, спорт жанашырлары мен ұйымдарына сыйлықтар тапсырды.Ақмола облысы спортшыларының 2011 жылы қол жеткізген жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Біздің қыз-жігіттеріміз Астана мен Алматы қалаларында өткен 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. Одан бергі уақыт ішінде Қазақстан Республикасының 1-ші қысқы жастар ойындары, Қазақстан Республикасының 3-ші жазғы спартакиадасы, 4-ші ұлттық спорт түрлерінің фестивалі, Қазақстан Республикасының 3-ші параолимпиадалық ойындары, Әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасының біріншілік-терінде сынға түсіп, жеңіс тұғырының алдыңғы саптарынан көріне алды. Сөйтіп, ақмолалықтар осы бәсекелерде 144 алтын, 136 күміс және 113 қола медальдарға қол жеткізді. Қа-зақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық ме-рейтойына жоғары спорттық нәтижелермен келген жерлестеріміз келер жылы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындарына берілетін жолдамаларды жеңіп алу үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтын болады.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко спорт саласындағы осындай жетістіктер жайлы баяндай келіп, марапаттау рәсіміне көшті. Ол алдымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіз-дігіне 20 жыл» мерекелік медалін биатлон және шаңғы спортының майталмандары Александр Червяков пен Николай Чеботькоға, ауыр атлет Сергей Вайгантқа, Ақмола облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Юрий Соловьевке табыс етті. Онан кейін бір топ спорт жанашырлары «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Құрмет белгісімен марапатталды.
Спорттың олимпиадалық түрлері ішінде «2011 жылдың спортшысы» аталымы бойынша битлоншы Александр
Червяков, шаңғышы Николай Чеботько, биатлоншы Марина Лебедеваның есімдері құрметпен аталды. Шаңғы және ауыр атлетика спортынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары Виктор Васильев пен Сергей Шевченко, триатлон спортынан Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі жаттықтырушысы Татьяна Соловьева «2011 жылдың жаттықтырушысы» аталымы бойынша үздік деп танылды.
Облыс басшысы Сергей Дьяченко осынау таңдаулы жаттықтырушылар мен үздік спортшыларға Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт сыйлықтарын тапсырып, олар-ға келер жылы да жоғары спорттық көрсеткіштер тіледі.
Сондай-ақ, спорттық форумда «Үміт», «Олимпиада үміті», «Алтын резерв», «2011 жылдың спорт мектебі», «2011 жылдың командасы», «Жыл меценаты», «2011 жылдың өңірлік спорт басшысы» және басқа да аталымдар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге де сый-сыяпаттар жасалды.
«2011 жылдың спорт тілшісі» аталымы бойынша об-лыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінің қызметкерлері Төлеген Қосшығұлов, Марина Маркевич және облыстық телеарнаның тілшісі Қалымбек Мұхаметжанов лауреат атанды.
Ақмола облысының әкімі атынан Жаңа жыл қарсаңында спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында әртүрлі сыйлықтар беру дәстүрге айналып келеді. Форум соңында облыс басшысы Сергей Дьяченко мінбеге қайта көтеріліп, бір топ спорт ұйымдарының басшыларына жеңіл көліктер мен спорттық құрал-жабдықтар алуларына сертификаттар табыс етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі