Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Бұланды, Атбасар және Зеренді, Целиноград аудандарында да болып, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары қаралып, 2012 жылдың міндеттері белгіленген актив жиналыстарын өткізді. Целиноград ауданындағы Қосшы ауылында 1107 үлескерге жаңа пәтердің кілтін тапсырды және Көкшетау қаласында облыстық аурухананың емдеу ғимараттарын жалғастыратын галереяның ашылу салтанатына қатысты.
Астананың серіктес қалашығына айналып бара жатқан Қосшының да келешегі зор. Олай дейтініміз, бұл жердегі экономикалық, әлеуметтік дамудың хал-ахуалы жылма-жыл өрлеу үстінде.
«АльянсСтройИнвест» ірі құрылыс компаниясының жеке өзі салып жатқан «Лесная поляна» тұрғын үй кешені астаналық жұртшылықтың қолда-уына әрі үлкен сұранысына ие болып отыр.
Осы жолы Қосшыға арнайы келген Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко жоғарыда аты аталған компанияның салып бітірген көп қабатты үйлерінің кілтін үлескер болған Астана қаласының тұрғындарына салтанатты түрде табыс етті. Үмітті жандар қатары осы жолы аз болған жоқ. 1107 пәтердің кілтін алған адамдардың қуанышында шек болмады. Әкім алғашқы рет жаңа үйдің табалдырығын аттап тұрған жандарға, әсіресе, үлкендер мен жас балаларға өзінің арнайы әкелген сыйлықтарын тарту етуді де ұмытқан жоқ.
«АльянсСтройИнвест» басшысы Ринат Наймановтың айтуына қарағанда, «Лесная поляна» тұрғын үй кешені жобаланған кездің өзінде-ақ көп игілікті істер қолға алыныпты. 500 шақырымдық қуатты электр желісі, 17 шақырымдық «Астана-Қосшы» бағытында төрт жолақты автотрасса салынса, 20 шақырым болатын ішкі жолдар асфальттанған. 60 МВт қуаты бар жаңа жылу қазандығы, Астана кәсіпорындарына тәуелсіз 10 шақырымдық шайынды су тазартқыш кешенінің құрылысы толықтай аяқталды. Бұл фин техноло-гиясы бойынша Қазақстанда салынған бірінші ірі нысан. Тәулігіне 10 мың текше метр шайындыны сүзеді.
Ел алдында сөз сөйлеген облыс әкімі Сергей Александрович Ақмола облысында құрылыстың қалыпты дамып отыр-ғанын тілге тиек етті. Мысалы, өткен жылдармен салыстыр-ғанда оның деңгейі 1,5 есеге дейін өскен.
– Қосшы Астанаға серіктес қала болып өркендеп өсіп келеді, – деді астаналық облыстың басшысы. – Бұл жерде қазірдің өзінде көптеген жобалар қолға алынып жатыр. Келесі жылдары 1200 орындық мектеп, монша, кір жуатын ірі кешен, балабақша салынады. Осы тамаша тұрғын үй кешенін салып жатқан «АльянсСтройИнвест» компаниясы алдағы жобаға 15 миллиард теңге қаржы жұмсаса, инфрақұрылымдарды заманға сай дамыту үшін мемлекет қосымша 8 миллиард теңге бөлуді өз міндетіне алған.
Осылайша, Елбасының, Үкімет пен Ақмола облысы әкімдігінің бұл аймаққа жасап отырған қамқорлығы, жұмсап жатқан қаржысы орасан.
Қазақстан халқының сабырлылығы, Елбасы мен Үкіметтің салиқалы саясатының нәтижесі игілік көзіне айналуда. Әзірше 600 мың пәтері бар «Лесная поляна» тұрғын үй кешені болашақта ұлғайып қана қоймайды, жасыл желекті демалыс аймағына айналады. Есіл мен Нұраның, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тілегімен егіліп жатқан жасыл желектің ортасында орналасқан Қосшыдай шағын қалада
тұру – әрбір қазақстандықтың арманы десек артық емес...
Облыс басшысы жұмыс сапарының барысында осы аудандардағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті, оларды алдағы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Атбасар ауданындағы Мариновка қазақ орта мектебінде, Новоалександров селолық округінің аумағында орналасқан «Бастау» серіктестігінің мал өсіру кешенінде болған кездерінде осы кәсіпорын-ұйымдардың жұмысымен танысып, өскелең уақыт талабы алға қойып отырған міндеттерді пысықтады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа ажары» газетінің ақпаратынан