30 Декабря | 2011г. Облыстық аурухананың емдеу ғимараттарын жалғастыратын галереясы ашылды
Жаңа жыл қарсаңында Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласында облыстық аурухананың емдеу ғимараттарын жалғастыратын галереяның ашылу салтанатына қатысты. Өткен жылы облыс көлемінде құрылысы ұзаққа созылған бірқатар медициалық мекемелердің ғимараттары пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау саласына жете көңіл бөлінудің арқасында сәбилер өлімі 12 пайызға кемісе, туберкулез ауруы да біршама азайды. Мұның бәрі де сіздердің еңбектеріңіздің жемісі,- деді өңір басшысы. Облыстық аурухананың барлық ғимараттары жылы дәліздермен жалғасқан. Бұл - сырқаттар мен дәрігерлердің жүріп - тұруларына өте ыңғайлы. Кезекті галереяның құрылысын Сергей Шафар басқаратын «Көкшетау құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылысшылары жүргізді. Құрылыста мүгедектерді және халі мүшкіл сырқаттарды таситын қолд арбалар жүретін арнайы жол да ескерілген. Облыстық ауруханаға жаңа жылдық сыйлыққа тартылған бұл құрылысқа 45 миллион теңге қаржы жұмсалды. Облыс әкімі Сергей Дьяченкоға және құрылысқа қатысқандарға алғысын білдірген облыстық аурухананың бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Людмила Волняцкая негізгі емдеу ғимараттарының дәліз арқылы жалғасқаны ауруханадағылар үшін көптеген мәселелерді шешетіндігін, сырқаттарға медициналық көмек деңгейі біршама жақсарғанын атап өтті. Жаңа жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қан тамыры ауруын емдейтін арнайы бөлімше ашылмақшы. Сырқаттардың атынан сөз алған сауықтыру орталығындағы коордиология бөлімшесінде емделіп жатқан Еңбек Қабданов өздеріне қажетті жағдай жасаған аурухана ұжымына жүрекжарды лебізін білдірсе, «Көкшетау құрылысы» ЖШС-нің бас директоры Сергей Шафар кейбір аяқталмаған жұмыстарды көп ұзамай жасайтындықтарын айтты.Облыс әкімінің баспасөз қызметі