Сенбі күні облыс әкімі Сергей Дьяченко Көкшетау қаласындағы «Архистратиг Михаил приходы» провослав шіркеуінде болып, ғибадатханаға жиналған жұртшылықты православ христиандарының басты діни мейрамы Рождество мерекесімен құттықтады.Әлемнің 140-тан астам елінде тойланатын бұл діни мереке еліміздің барлық аумағында, соның ішінде біздің облысымызда да жыл сайын лайықты дәрежеде тойланып келе жатқандығы, осының бәрі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, елдегі діни тұрақтылықты сақтап қалуға деген ынта-ықыласының арқасында екендігі Рождество мерекесі күні облыс орталығындағы провослав шіркеуінде болған кездесуде де айтылды. Осылайша елімізде діни конфессиялардың ойдағыдай дамып, халықтың сенім мен наным бостандығына қол жеткізіліп отырғандығына ерекше тоқталып өткен облыс әкімі Сергей Дьяченко мереке күні шіркеуге жиналған жұртшылықты мейрамдарымен құттықтап, отбастарына амандық тіледі.
Облыс еңбеккерлерінің өткен жылы қол жеткізген жетістіктерін саралаған өңір басшысы облыс аумағындағы береке-бірлік пен тыныштықты сақтауда дін саласы қызметкерлерінің рөлі орасан зор екендігіне тоқталды. Діни орындардың қатарға қосылуымен өңірде дәстүрлі діндердің ойдағыдай дами түсуіне және бәрі бірлесіп ізгілікке қызмет етуіне барлық жағдай жасала түсетіні тілге тиек етілді.
Мереке күні шіркеуге келіп, христиан дінін ұстанушы қала тұрғындарын Рождествомен құттықтаған облыс әкіміне осы шіркеудің настоятелі Василий әкей ерекше ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтарды табыс етті. Бұдан кейін мерекелік ән шырқалып, облыс әкімі Сергей Дьяченко шіркеудегі жексенбілік мектептің шәкірттеріне сыйлықтарды тапсырды. Бұл күні шіркеуге келген әр адам қолдарына шырақ алып, Жаратқан иеге құлшылық етті. Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа ажары» газетінің ақпаратынан