Осы аптада облыс әкімі Сергей Дьяченко жұмыс сапарымен Аршалы, Ерейментау және Ақкөл аудандарында болып, актив жиналыстарын өткізді және жергілікті маңызы бар бірқатар нысандарда болып, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен танысты.Жоғарыда аталған аудандардың әкімдері Ермек Маржықбаев, Лашынтай Дүйсенов, Асқарбек Үйсімбаев актив жиналыстарында өздері басқаратын өңірлердегі өткен жылғы атқарылған жқмыстардың қорытындысы жайында есеп берді. Облыс басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алға қойған тапсырмаларын орындау бағытында атқарылған жұмыстарға талдау жасап, өндіріс пен әлеуметтік саланы онан әрі дамыту, елді мекендерді абаттандыру бағытында қолға алынуға тиісті шараларға назар аударды және нақты міндеттер белгіледі. Облыс әкімі есеп берген аудан басшыларының жұмыстарына оң бағасын бере отырып, қол жеткен жетістіктерге тоқмейілсімей, жұмысты онан әрі ширату қажеттігін атап өтті.
Облыс әкімі өзі аралаған аудандардағы бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысандарда болып, жұмыстың жай-жапсарын көрді және кейбір шешімін күткен мәселелерге назар аударып, өңір басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі