Өткен бейсенбі күні облыс әкімі Сергей Дьяченко кезекті жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, өңірдегі бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды аралады, өткен жылы атқарылған жұмыстарды пысықтап, аудан басшыларына 2012 жылға жаңа тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.Облыс басшысы ең алдымен аудан активімен кездесті. Аудан әкімі Қанат Сүйіндіков өңірдегі өткен жылғы жетістіктері жайында баяндап берді. 2011 жылы 16 миллиард 355 миллион теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл 2010 жылғыдан 2 есе артық. Аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайындағы алдын ала ұсынған қорытынды есебін тыңдаған облыс әкімі шаруаның басы қайырылғандығын айта келе, осы бағыттағы жұмысты биыл да жалғастыру керектігін атап өтті.
Бұдан кейін облыс әкімі асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын «Свободное» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігіне ат басын бұрып, шаруашылықтың жұмыстарымен танысты. 1998 жылы құрыл-ған шаруашылық 2009 жылы «Свободное» ЖШС-і болып өзгертіліп, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесін алған. Бүгінгі күні герефорд тұқымды етті ірі қара өсіру бағытында жұмыстар қолға алынуда. Шаруашылықта 1 мың 445 бас асыл тұқымды ірі қара бар. Әрбір сиырдың тірідей салмағы 800 келі, қашар 500 келі, ал, бір жылдық бұзау 350 келі шамасында болып отыр. Асыл тұқымды ірі қара басын көбейтуді қолға алған шаруашылық сиырларды қолмен ұрықтандыру тәсілін нәтижелі жүзеге асыруда. Осы мақсатта 2011 жылы 602 бас сиыр қолдан ұрықтандырылған. Нәтижесінде осы уақытқа дейін 486 бұзау туған. Сондай-ақ, жайылымдар мен шабындықтарды жақсарту жұмыстарына да көп көңіл бөлінуде. Жалпы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыс-
тарға оң баға берген облыс әкімі Сергей
Дьяченко серіктестік басшылығына осы ұс-танған бағыттан тайынбай, алдағы уақытта мал басын көбейту қажеттігін айтты.
Бұдан кейін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аудан орталығы Балкашинода ашылған азық-түлік сататын «Лиана» дүкенінде болған облыс әкімі осындағы 120 орындық балабақша құрлысымен де танысты. Бұл құрылыс жұмыстары өткен жылдың маусым айында басталып, оған облыстық бюджеттен 120 миллион теңге қаржы бөлінген. Кейін қараша айында тағы қосымша 35 миллион теңге бөлініпті. Ал, биылғы жылы 72,2 миллион теңге қарастырылып отыр. Қазір электр мен канализация, жылумен қамтамасыз ету, су жіберудің ішкі және сыртқы желілері салынып, құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалған. Берілген қаржының 146 миллионы игерілген. Бұл жұмыстарға да оң баға берген облыс басшысы қажет болса қолдан келгенше көмектесетінін жасырмады. Тек балабақша жұмысының сапалы жүргізілуін қадағалап отыруды аудан әкіміне тапсырды.
Облыс әкімі аудан орталығындағы Мәдениет үйіне барып, өткен жылдары жүргізілген күрделі жөндеудің нәтижесімен танысты. Жөндеу жұмыстарын «Бизнес-консалтинг ЕС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Оған облыстық бюджеттен 60,3 миллион теңге қаржы бөлініпті. Нәтиже жаман емес. Мәдениет үйінде қазір 123 адам, 5 ұжым жұмыс істейді. Ұлттық театр, музыкалық студия және би үйірмелері бар.
Бұдан кейін облыс басшысы Лесное селосында болып, су құбырларына жүр-гізілген күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
-Жөндеу жұмыстарына 68 миллион 769 мың 900 теңге қаржы бөлінді. Нәтижелі жұмыстардың арқасында 18 өрт сөндіру гидранттары мен 40 су ағарлар және 78 құдық, 3 су мұнарасын салып үлгердік,- дейді ауыл әкімі Мәдина Сексенбаева.
Ауылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілеушіліктер бар. Облыс әкімі Сергей Дьяченко осындағы жеке кәсіпкер Светлана Кононованың «Рахат-плюс» дүкені мен Лесная орта мектебінің жанынан ашылған 35 орындық шағын орталықты аралап көрді. Соңғысының ауылдағы балабақша мәселесін толығымен шешпесе де, балабақшаға деген сұранысты біршама қанағаттандырып отырған жайы бар.
Осыдан кейін облыс басшысы Жамбыл селолық округіне қарасты «Агро-Лейк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Аталмыш серіктестіктің іргетасы 2000 жылы қаланған. Содан бері егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын қатар дамытып келе жатқан шаруашылықтың бүгінгі жағдайы жаман емес. Өткен жылы гектарынан 32 центнерден өнім алған серіктестік диқандары 10 мың 444 тонна астық жинаған.
Сандықтау ауданының аумағында орналасқан Шаңтөбе кентіндегі дәрігерлік амбулатория бүгінде 4 мыңнан астам жергілікті тұрғынға қызмет етеді. Мұнда емхана, 28 орындық күндізгі станционар және тәулік бойы жұмыс істейтін жедел қызмет көрсету бекеті бар. Ауруы асқынған немесе қосымша медициналық қызмет түрлерін қажет ететін науқастар аудандық ауруханаға жіберіледі, - дейді дәрігерлерлік амбулатория қызметкерлері. Жергілікті халық дәрігерлік амбулаторияның қызмет көрсету сапасының жақсы екенін айтады. Тек ғимараты ескі. 2006 жылы су және жылу құбырлары жаңартылып, шатыры ауыстырылған. Шаңтөбе балалар және жасөспірімдер спорт мектебі бүгінде бұқаралық спортпен айналысатын халықтың үлес салмағын көбейту бағытындағы бағдарламаға өз үлесін қосып келеді. Мұнда балалар мен жасөспірімдер, салауатты өмір салтын ұстанып жүрген елді мекен тұрғындары спорттың бірнеше түрімен айналысады. Ғимарат ішінде бассейін де бар. Облыс әкімі ғимаратқа жөндеу жүргізу қажеттігін айтты.
Облыс әкімі Шаңтөбе кенті маңында орналасқан «Степногорск тау-кен химия комбинаты» серіктестігінде болып, кәсіпорынның бүгінгі жұмысымен таныс-ты. Кен орнынан жылына 440 мың тонна шикізат алынып, өндіруге жөнелтіледі. Шикізат алу жұмысы арнайы қондырғының көмегімен бақыланады. Сандықтау өңірін аралаған сапарында облыс әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.Облыс әкімінің баспасөз қызметі