Бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко партияның облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектері жауапсыз қалмайтындығына сендірді.Қабылдауға келген азаматтардың біреуі жеке басына қатысты мәселені арқалап келсе, қалғандары әлеуметтік мәселелердің шешімін табуын өтінді. Мәселен, Ермұханбет Құрманғалиев (суретте) кәсіп-керлікпен айналысу ісінде көмек беруді сұрады. Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің зайыбы, зейнеткер Зоя Табачникова 2010 жылы қызының абайсызда құлап, аяғынан ауыр жарақат алғанын, ал, өткен жылы өзінің бір көзі көрмей қалып, қомақты сомаға операция жасатқанын айтып, кейін өтінішпен Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барғанда бөлім бастығының орынбасары Инна Адамның дұрыс жауап бермей, бұл істе немқұрайлық таныт-қандығына налыды. Мемлекеттік қызметкердің бұл қы-лығы адами қасиетке жатпайтындығын алға тартқан зейнеткер облыс әкіміне өзінің өті-нішін айтты. Партияның облыс-тық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко зейнеткерді бұдан бұрын кездес-тіргенде өзінің қабылдауына шақырғандығын тілге тиек етіп, оған ақшалай көмек және са-уықтыру орнына жолдама берілетіндігін айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте істеп жүрген кейбір азаматтардың өз қызметтеріне деген немқұрайлылығы үшін зейнеткерден кешірім сұрады.
Әкімнің қабылдауына екінші болып кірген Бірлік шағын ауданының тұрғыны Досман Әйкешов өңір басшының жауабына ризашылық білдірді. Өзі тұрып жатқан шағын ауданның тіршілігін қамтамасыз етуді өтінген ол тұрғындарды толғандырып жүрген жарық, жолдың жөнделуіне қатысты мәселелердің шешімін табатынын өңір басшысының өз аузынан естіді. Облыс әкімі Сергей Дьяченко үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен Бірлік шағын ауданында орта мектеп пен балабақша ғимаратының құрылысына қаржы бөлінгенін айтып, шағын ауданның қараусыз қалмайтындығына сендірді.
Бұл күні қабылдауда болған Қалиевтар отбасы 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы бойынша пәтердің дұрыс бөлінбегендігін, өздеріне тиесілі баспананы басқа біреулердің заңсыз иеленгендігін айтып, шағымданды. Бұл отбасының өтінішін тыңдаған облыс әкімі осы мәселені қала әкімі Мұнарбек Батырхановқа тапсырып, он күн ішінде комиссияны қайта өткізуді тапсырды.
Қоғамдық қабылдау барысында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченко кәсіпкерлікті қолдауға, құқықтық мәселелерге байланысты келіп-түскен бірқатар өтініш-тілектерді де тыңдап, жауапты орындарға арна-
йы тапсырмалар беретінін жеткізді. Облыс әкімінің баспасөз қыметі