Елбасы дүйсенбі, 23 қаңтар күні кадрлық өзгерістерге байланысты бірқатар Жарлыққа қол қойды.Атап айтқанда, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.А.Құл-Мұхаммедті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
«Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, Қазақстан Республикасының мәдениет министрі қызметінен босатылсын», - делінген Жарлықта.
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Д.Қ. Мыңбайды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
«Дархан Қамзабекұлы Мыңбай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
ҚР Президентінің Жарлығымен А.С. Шабдарбаевты Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
«Амангелді Смағұлұлы Шабдарбаев Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы болып тағайындалсын»,- делінген Жарлықта.
Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев Қазақстанда мемлекеттілік тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында «Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы» мемлекеттік мекемесінің және салынып жатқан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы» ғимаратының негізінде құрылған - «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
Елбасының Жарлығымен Қ.Саудабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.
www.kazinform.kz