25-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морельмен жүздесті. «Біздің өзара ынтымақтастыққа негізделген маңызды бағдарламаларымыз бар. Сыртқы істер министрімен кездесу барысында біз осы мәселелерді сөз еттік. Сонымен қатар биыл Еуропалық Одақ аясында жыл сайын өтетін министрлер деңгейіндегі кездесу бар. Бұл кездесу биылғы жылдың көктемінде Бішкекте өтеді. Кездесу барасында біз осы мәселелерді де сөз еттік. Жалпы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы байланыстар жыл сайын жанданып келеді»,-деді Еуропалық одақ өкілі.
Сондай-ақ оның айтуынша, бүгінгі кездесуде ішкі қауіпсіздік, терроризм мен есірткі саудасына қарсы күрес, шекараны басқару, аймақтық және трансшекаралық ынтымақтастық, діни төзімділік мәселелері талқыланған.
Сонымен қатар тараптар Жаңаөзен қаласындағы жағдайды да ортаға салды.
ҚазАқпарат