Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, қаржы басқармаларының ұжымдарымен кездесіп, осы басқармалар басшыларының өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдады, алдағы уақытта қолға алынатын шаруалардың жай-жапсарын пысықтап, баса көңіл бөлетін бағыттарға назар аударды.Облыс басшысы кездесуді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан бастады. «Сіздерге келгендегі мақсатым, ең алдымен, бірге қызмет ететін болғандықтан, жұмыстарыңыздың жайымен танысып, қандай түйткілді мәселелер бар екендігін білу және қиындықтан шығатын жолды қарастырып, ел игілігі үшін бірлесе қызмет істеу» дей келе, облыс әкімі сөзді ұжым басшысына берді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мұратбек Тақамбаев қаржы-бюджет саласындағы атқарылған жұмыстар жайлы жан-жақты баяндап берді.
Облыс экономикасын дамытуға арналған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардың ең бастысы, алты бағыттан тұратын 2009-2015 жылдар-ға арналған бәсекелестікті дамыту стратегиясы. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға үлкен серпін беріп отыр. 2009-2011 жылдарда ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы ішкі өнім көлемі 17 пайызға артқан. 2009 жылы 1,5 миллион тонна астық экспортқа шығарылған болса, 2011 жылы оның көлемі 4 миллион тоннаға жеткен. Өнеркәсіп өнімдері 2009 жылғы 66 пайыздан 2011 жылы 72 пайызға көтерілген. Осы үш жылдың ішінде адамдардың орташа айлық жалақылары 42 мың теңгеден 62,7 мың теңгеге көбейген. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету шеңберінде де қыруар жұмыстар атқарылып, көптеген ауылдарға су құбырлары тартылған. Облыс аумағындағы автокөлік жолдарының 50 пайыздайы жөндеуден өткізіліп, сапасы жақсара түскен. Астана маңындағы елді мекендерді дамыту бағытында да ауыз толтырып айтар-лықтай қыруар шаруалар атқарыл-ған. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттен 40 миллиард теңге қарастырылған. Осы бағдарламаға енгізілген 27 елді мекеннің инфрақұрылымдарын дамыту, инженерлік желілер салу, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу бағытында айтарлықтай істер атқарылып жатыр.
Соңғы жылдарда облыстың дамуының ең негізгі көрсеткіші ретінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы әр адамға шаққандағы табыс көлемінің 843 мың теңгеге немесе 5,7 мың АҚШ долларына жеткендігін атап өтті. Соңғы екі-үш жылдың аумағында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылған.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының есебін тыңдаған облыс басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, 2011-2015 жылдарға арналған облыс аумақтарын дамыту бағдарламасына салалық құрылымдармен бірлесе отырып ұсыныстар енгізу және нақтылау, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру барысында өңірлердің түгел қатысуына барынша жағдай жасау міндеттері жүктелді.
Облыс әкімі бұдан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұжымында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қасымжан Тәшметов денсаулық сақтау саласындағы атқарылған істерді баяндай келе, орын алып отырған кейбір түйткілді мәселелерге де тоқталды. Мәселен, жедел жәрдем саласында жұмыс істейтін 120 автокөліктің тозығы жеткен. Оларды ауыстыру қажет. Соңғы жылдарда туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратындар саны біршама азайған. Бұған осы аурулардың алдын алу бағытында жүргізілген кешенді жұмыстардың игі әсері тиіп отыр. Солтүстік облыстардың арасында бірінші болып жүрекке операция жасау жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін бес мыңнан астам адамның жүрегіне операция жасал-ған. Ал, алдағы уақытта осындай операцияны балаларға жасауды қолға алу да көзделуде. Атқарыл-ған істерге оң бағасын берген облыс басшысы ана мен бала өлімін төмендету бойынша жұмысты
жандандыру, ауыл тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында БМСК қызметін қадағалауды күшейту, тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту, денсаулық сақтау саласындағы қордаланған түйткілді мәселелерді дер кезінде көтеру қажеттігін атап көрсетті.
Бұдан кейін облыстық қаржы басқармасының ұжымымен кездескен облыс әкімі облыстық бюджеттің орындалу жайы, бөлінген қаржының игерілуі, қаржыны тиімді және мақсатты пайдалану жөнінде ой бөлісті. Мемлекет қаржысы тиімді пайдаланылып, халық игілігіне қызмет етуі қажеттігіне назар аударды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі