Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров облыстық мәдениет, білім және ішкі саясат басқармаларында болып, сала басшыларының атқарып жатқан жұмыстары жайлы есептерін тыңдап, алдағы міндеттерді белгіледі.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұратбек Оспановтың өзі басқаратын мәдениет саласының хал-жағдайын бүге-шүгесіне дейін жетік білетіндігі бірден аңғарылды. Облыста 694 мемлекеттік мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұл дегеніміз - 280 клуб, 394 кітапхана, 11 музей, 4 киноқондырғы, 2 театр, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылық және мәдени-демалыс орталығы, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы. Оның үстіне есепте кезеңде тағы 2 клуб және 1 кітапхана ашылды. Өңірдегі көркемөнерпаздардың 70 ұжымына «Халықтық» және «Үлгілі» атағы берілген. Өткен жылы клуб құрылымдарымен 47 мыңнан астам іс-шаралар өткізіліп, олар-ға 3 миллионнан астам адам қатысқан.
Облыстың кітапханаларында қала мен ауыл арасындағы технологиялық ажырауды жою бойынша көлемді жұмыстар атқарылды. М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапхана «Облыстағы кітапханалардың 2011-2013 жылдарға арналған модернизациялау бағдарламасын» әзірледі. Ғаламтор желі-сіне 653 кітапхана қосылды, олардың 40-ы - ауылдық жерлерде. Қазақ театрының ұжымы Украинаның Қырым автономиясындағы Симферополь қаласында өткен ХІІІ халықаралық «Боспорские агоны» театр фестиваліне табысты қатысып, А.Камюдің «Калигулла» трагедия-сында «Классиканы шебер сахналағаны үшін» номинациясын иеленіп, «Ника Боспорская» статуэткасына ұсынылды.
Облыс көлемінде 11 музейде 143 мың 20 экспонат сақталуда, олардың барлығы құнды жәдігерлер. Музейлер есептік кезеңде өлкені зерделеуге, оның тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға және сақтауға, са-йып келгенде өңір мәртебесін арттыруға өзіндік үлес қосты.
Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров әңгімеге жиі араласып, өзінің тың ұсыныс-пікірлерін білдіріп отырды. Әкім «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына орай мәдениет саласындағы реформаларды тереңдетуге баса назар аудару да қажет деді. Облыстағы мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайта түсу қажет. Облыстық, республикалық курстар мен семинарларда оқыту ар-қылы мамандар даярлауды ұйымдастырып, біліктілікті көтеруге ден қойған ләзім.
Мәдениет пен өнер арқылы өскелең ұрпақты тәлімді тәрбиелеуге бағытталған адами құндылықтарды және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға әкім баса назар аударды. Мемлекеттік мәдениет кәсіпорындарының желісін сақтауға және көбейту бойынша жұмысты одан әрі жал-ғастыруға әкім барынша жәрдемдесеті-
ніне сендірді.
Келесі кездесу білім басқармасында өтті. Басқарма бастығы Марат Ыбыраев бас-қарманың жұмысы балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен жаппай қамтуды көбейтуге, баршаға міндетті орта біліммен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауға, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталғандығын жан-жақты тоқталып, атап өтті.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуге тоқталсақ, қазір облыста 139 балабақша мен 310 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Оларға 25261 балабарады. Есептік жылда 4234 орындық 94 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Облыстық білім беру жүйесінде 659 мектеп, соның ішінде Назарбаев зияткерлік мектебі бар.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен жылы облыста 4 мектеп ресурс орталығы ретінде жұмыс істей бастады.
Жоспарлы түрде балаларды тасымалдау мәселесі шешілуде. Бұл мақсатта 10 көлік сатып алынды. Ал биылға тозығы жеткен көліктердің орнына жаңадан сатып алу міндеті қойылып отыр. Күн көрісі төмен отбасылардың оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту көрсеткіші 80 пайызға тең. Ағымдағы жылға қойылып отырған міндет - аталған санаттағы балаларды тегін тамақпен 100 пайыз қамту.
Облыс әкімі дарынды балалармен жүргізілетін жұмысқа ден қойды. Білім бас-қармасының бастығы бұған республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша облыс оқушыларының командасы жалпыкомандалық жүлделі үшінші орынды жеңіп алды, деп жауап қайтарды. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысу нәтижелері бойынша 18 оқушы
6 алтын, 8 күміс және 4 қола медальмен марапатталды.
Қазір облыс көлемінде 3223 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қал-ған бала бар. Инклюзивтік біліммен 1298 бала қамтылған. Бұл бағыттағы жұмысты ширата түсу қажет. Осы мақсатта Ақкөл ауданы, Урюпинка селосы, Зеренді мен Бурабай ауданының Зеленый бор кентінде логопед пункттері ашылады. Ақкөл, Бурабай, Сандықтау аудандарында және Көкшетау қаласында оқу-өндірістік бригадалар ашу есебінен балаларды пайдалы еңбекпен қамту көбейтіледі. Кездесуден түйген ойымыз, өткен жылы білім беру жүйесін дамытып, балалардың толыққанды және сапалы білім алуына жағдайлар туғызылған. Әлі де алда келелі міндеттер тұр.
Ішкі саясат басқармасының жұмысының негізгі мақсаты - мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді күшейту, өңірде ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, еліміз және облыста жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды ақпараттық-идеологиялық қамту, азаматтарда
әлеуметтік оптимизм, бұқаралық позитивтік түсінік қалыптастыру және өкіметтік органдарға сенім деңгейін арттыру.
Тек өткен жылы ғана халықаралық және республикалық деңгейдегі саяси мәнді 12 жоба жүзеге асырылды. Атап айт-қанда халықаралық «Қазақ тілі» ұйымының V құрылтайы, Еуропалық Одақ күні, «Туған жерім - тірегім» республикалық жастар форумы, қысқы Азиаданы өткізуге атсалысу, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның тапсыруы бо-йынша ана мен бала гүлзарының іргетасын қалау, саяси қуғын-сүргін құрбандарының күніне арналған, «Мұстафа Шоқай: саясаттан тарихқа» халықаралық конференциялары.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Астанада Елбасының қатысуымен Ақмола облысының күндері өткізілді. 20 жұлдызды шың шеңберінде 40 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды, оған 400 мыңнан астам адам қамтылды. Жоспарды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 150 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Аса ірі саяси маңызы зор 88 іс-шарадан тұратын жоспар бекітілді, Тәуел-сіздік Стелласы ашылды.
Облыс аумағында саяси партиялардың 9 филиалы, 312 діни бірлестік, 445 үкіметтік емес ұйымдар, 40 этномәдени орталық, 62 жастар ұйымдары жұмыс істейді. Олар біздің өңірде қоғамдық келісім мен ішкі
саяси тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосуда.
Қазір облыста 98 бұқаралық ақпарат құралы бар. Бізде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының 15 меншікті тілшісі жұмыс істейді.
Облыс әкімі қоғамдық-саяси ахуалды талдау мен мониторинг ықпалын арттыруды тапсырды. Яғни, облыста халықтар бірлігін қамтамасыз етіп, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қажет. Облыс әкімінің баспасөз қызметі