Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, мұрағаттар мен құжаттама басқармалары басшыларының өткен жылғы жұмыстары туралы есептерін тыңдап, алдағы уақытта баса назар аударылуға тиісті міндеттерге көңіл бөлді және істі одан әрі жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Юрий Соловьев өңірімізде бұқаралық спортты дамыту бойынша 2011-2012 жылдарға арналған стратегиялық жоспар қалай жүзеге асып жатқандығы жайлы баяндады. Оның айтуынша, спорт саласындағы стратегиялық жоспардың негізгі екі мақсаты бар. Біріншісі, облыс тұрғындарын жүйелі дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту болса, екіншісі ақмолалықтардың республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көрінуіне жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта 2011 жылы тоғыз бюджеттік бағдарлама бойынша 2 миллиард 287 миллион 323,4 мың теңге қар-жы бөлінген. Жыл аяғында оның 2 миллиард 287 миллион 257,5 теңгесі игерілген. Бүгінгі күні облыста 28 спорт мектебі бар, оның 4-і олимпиада резерві. Оған қоса, Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға ар-налған облыстық мектеп-интернаты жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өңірімізде шаңғы, ауыр атлетика, бокс, триатлон, жеңіл атлетика және биатлон
сияқты спорттың 6 түрі қарқынды даму үстінде. Қазақстан Республикасы құрамасында спорттың әр түрінен 231 ақмолалық спортшы өнер көрсетеді. Өткен 2011 жылы облыстағы спорттық ұйымдармен 1-разрядтағы 214 спортшы, 175 спорт шеберіне үміткер, 27 спорт шебері және 8 халықаралық спорт шебері да-йындалған. Жыл сайын Көкшетау қаласы мен Бурабай кентінде Азия Кубогы сияқты халық-аралық жарыстар өтіп тұрады. Өңірімізде спортты дамыту үшін әлі де қыруар шаруа тындыру керектігі анық. Ең алдымен әмбебап спорт залдарын кө-бейту қажет.
Бұдан кейін Ақмола облысы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының
бастығы Бақыт Есімованың есебі тыңдалды. Ол басқарма бірнеше бағытта жұмыс істейді. Жұмыспен қамту бағдарламасы бірінші бағытын іске асыру аясында 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін 1492 адам оқытылып, 470-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырыл-ған. Екінші бағыт шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жалпы сомасы 76 миллион теңгені құрайтын 33 шағын несие бе-рілген. Еңбек қорларының ықшамдылығын арттыру мақсатында 5 екі пәтерлі үй салынса, экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерден 43 отбасыны көшіру үшін 33 пәтер сатып алынған. Об-лыста 26 мыңдай мүгедек адам бар. Оның 2000-ға дейін балалар, 5,5 мыңнан астамы жүйке ауруларымен ауыратындар. Соңғы жылдары мүгедектерді оңалтудың әлеуметтік, кәсіби және медициналық 3 бағыты бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, басқарма бастығы облыс орталығында бірде-бір әлеуметтік бөлме жоқтығын, жүздеген бағдаршамның оннан астамы ғана арнайы жабдықталғандығын айтып кетті. 3,5 мың нысан пандустардың орнатылуын қажет етеді. Қаралған осы мәселеге байланысты облыс басшысы еңбекпен қамту бағдарламасының маңыздылығын, әсіресе тұрмыс деңгейі төмен және мүгедек жандарды қолдау бағытында жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.
Мәжілісте облысымыздағы мұрғаттар және құжаттама
басқармасының бастығы Наталья Глушковскаяның есебі де тыңдалды. Ол басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстарымен таныстыра келе, шешімін таппай жүрген бірқатар проблемаларға да тоқталды. Мәселен, облыс бойынша 21 мемлекеттік, 3 қалалық, 17 аудандық мұрағат болса, оның 12-де құжат сақтайтын орындар жетіспейді. Бүгінгі күннің өзінде құжат сақтайтын арнайы орындардың жетіспеуінен Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Целиноград, Шортанды және Бурабай аудандық мұрағаттары жергілікті мекемелер мен кәсіпорындардан ұйымдардан құжат қабылдауға да мүмкіндігі болмай отыр. Бірқатар мұрағаттардың материалдық-техникалық базасы ескірген, заман талабына сай келмейді. Кадрлар мәселесі де үлкен қиындық туғызады. Бүгінгі күні басқарманың өзінде заңгер, бағдарламашы сияқты мамандар жетіспейді.
Басқарма бастықтарының есебін тыңдаған облыс әкімі өңірімізде біраз шаруа тындырылғанын айта келе, алдағы уақытта шешімін таппай отыр-ған түйіткілді мәселелерді шешуге жете назар аудару қажеттігін, басты мақсат сөзден нақты іске көшіп, халық игілігіне қызмет ету екендігін, осыдан асқан абырой жоқтығын атап көрсетті. Есеп берген басқарма басшыларына назар аударылуға тиісті басым бағыттар бойынша нақты жұмыс істеу ескертіліп, тапсырмалар берілді. Облыс әкімі баспасөз қызметі