Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров Көкшетау қаласын аралап, облыс орталығын көркейтіп, жағдайын жақсарту жұмыстарының негізгі бағыттарымен танысты және осы жөнінде тиісті орындарға бірқатар тапсырмалар берді. Облыс орталығын аралаған өңір басшысы қаладағы вокзал алаңын, көшелерді кеңейту және көгалдандыру, үй маңындағы балалардың ойын алаңын салу жобаларымен танысты. Бұдан соң қорытынды кеңес өткізген облыс басшысы маңызды жобаны жүзеге асыру барысында мамандар мен қала тұрғындарының пікірлері мен ұсыныстарын ескеру қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, вокзал алаңын, Абылайхан даңғылын қа-лыпқа келтіру, тұрғын үй құрылыстарына қатысты жобаны жақсарту, оңтайландыру бойынша арнайы тапсырмалар берді. Кеңесте астаналық облыс орталығы Көкшетау қаласының өз дәрежесіне сай болуы ерекше атап өтілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.