Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу үшін 84 мың адам ниет білдірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өткен жылдағы қорытындысына арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.
Жұмыспен қамту бағдарламасын енгізу нәтижелеріне тоқталған министр: «2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендердің саны 84,1 мың адамды құрады. Оның ішінде 58,6 мыңы бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытып, әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Кәсіби білім берумен 69,3 мың адам қамтылып, оның 31 мыңы оқуды аяқтады және 16 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, әлеуметтік жұмыс орындарында 16,2 мың адам еңбекпен қамтылды. Жалпы бағдарлама аясында жаңа жұмыс орындарына 38 мыңнан астам адам орналастырылды. Мұнымен қоса, бағдарламаға қатысушы 1,5 мыңға жуық азамат шағын несиелерге қол жеткізді.
"Қазақстанда өндірістік жарақат алу деңгейі төмендемей тұр". Есепті кезеңде өндірісте зардап шеккендердің саны 2247 адамды құрады. Оның ішінде 332-сі мерт болды. Министрдің сөзіне қарағанда, аталған проблема тұрғысында болашақта ескерту негізінде және жұмысшының өміріне қауіп тудыратын тәуекелдер аясында бағалау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігі бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру және қызметкерлерді фирманың ішінде тиісті дайындықтан өткізу мәселелері ескерілмек.
Сонымен қатар, жұмыс орындарында аттестация өткізу талаптарын күшейту және қайғылы оқиғалардан жұмысшыларды сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері қолға алынбақ.
Шағын несиелер арқылы ауыл азаматтарының әл-ауқатын арттыруға болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 жылдағы қорытындысына арналған алқа мәжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті. «Ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау бойынша шағын несиелерді бөлу - елді мекендердегі тұрғындардың әл-ауқатын арттырудың сенімді әдісі болуы тиіс. Бұл тұрғыда кейбір тосқауылдар болды, алайда жыл соңында бұл мәселелер толығымен шешілді»,-деді Үкімет басшысының орынбасары.
«Ауылдың 5 мыңнан астам тұрғыны шағын несиелерді алды»,-деп түйіндеді Е. Орынбаев.
Қазақстан 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында жұмыс істеп жатқанына тоқталған Үкімет басшысының орынбасары: «Елімізге мигранттар келетін болады және әсіресе ықпалдастық бірлестіктің өсуіне байланысты бұл тұрғыдағы әлеует жоғары болмақ. Осы орайда біздің ұлттық заңнамада әлеуметтік сақтандырудың әралуан түрлерін қарастыру қажет. Бірінші кезекте бұл медициналық сақтандыруға қатысты болуы тиіс»,-деді.
Оның сөзіне қарағанда, Бірыңғай экономикалық кеңістік бойынша Беларусь пен Ресей мигранттары медициналық көмекпен квота аясында қамтылмайтын болады. Сондықтан да олар еліміздің бюджетіне ауыртпалық түсірмес үшін, аталған шараларды іске асыру шарт. Мигранттардың жұмысқа тұруына тосқауыл болмаса да, оларда медициналық немесе басқа да әлеуметтік сақтандыру түрлері болуы тиіс.
«Біз бұл тұрғыда келістік. Ресейліктер бұл қамды жасағысы келмесе де, осының аясындағы келісімдерде біз оларды көндірдік. Енді біздің ұлттық заңн
ҚазАқпарат