2012 жылдың 1-ші ақпанында болған екіжақты келіссөздердің барысында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтон мен ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Қазақстанда орын алып жатқан демократиялық даму үрдісіне байланысты өз пікірлерін ортаға салды. Келіссөздер Ержан Қазыхановтың АҚШ-қа елдің Сыртқы саясат басшысы ретінде алғашқы сапары аясында өтті.
Тараптар 2012 жылы 15-ші қаңтарда өткен Мәжіліс сайлауы нәтижесінде көппартиялы Парламенттің сайлануы елдің саяси дамуына бағытталған маңызды қадам болып табылатындығын атап өтті. Америкалық тарап сондай-ақ ҚР Президентінің Жанаөзен қаласында сайлау өткізу жайлы шешімін жоғары атап өтті.
Екі ел арасында ресми, іскер, жеке, студенттік және туристік сапарларды жеңілдету мақсатында келісім жасалды.
Сыртқы істер министрі мен АҚШ-тың Мемлекеттің хатшысы екі елдің университеттер мен ғылыми зерттеу институттары арасында ғылыми-техникалық әріптестікті кеңейтуге бағытталған әлеуетті атап өтті.
Е. Қазыханов жуырда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан жаңа тапсырмалармен ақпараттандырып, екіжақты байланыс стратегиялық бағыттың дамуына толықтай сәйкес келетінін жан-жақты әңгімеледі.
ҚазАқпарат