«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясында облыс әкімі Қайрат Қожамжаров «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Конференция жұмысына «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының хатшысы Владимир Бобров қатысып, сөз сөйледі.Конференцияны «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкин ашып, жүргізіп отырды. Партия-ның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, депутаттық фракциялардың жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан конференцияның күн тәртібіне «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола об-лыстық филиалы саяси кеңесі құрамына өзгертулер енгізу туралы және «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасын сайлау туралы екі мәселе енгізілді.
Конференцияда алдымен, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола об-лыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясының мандат комиссиясының төрайымы, партияның Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Әнел Ерденова хабарлама жасады. Ол конференцияға 60 делегат қатысып отырғандығын, партия-ның аумақтық филиалдарында сайланған бұл делегаттар 442 бастауыш партия ұйымын бірік-тіретіндігін атап көрсетіп, кезектен тыс конференцияның шақырылуы партия Жарғысына толық сай келетініне тоқталды.
Бұдан кейін күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша объективті себептерге байланысты Сергей Дьяченко, Жабал Ерғалиев, Виктор Житин және Қамбар Қалдырақов облыстық филиалдың саяси кеңесінің құрамынан шығарылып, олардың орнына делегаттардың бірауыздан қолдап, дауыс беруімен облыс әкімі Қайрат Қожамжаров, облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков, Ерейментау аудандық мәслихаты «Нұр Отан» партия-сы депутаттар фракциясының жетекшісі, «Бизнес-Ереймен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Абылайхан Сырымбетов, партияның Жарқайың аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттар фракциясының жетекшісі Жанат Мыңбаев саяси кеңес құрамына сайланды.
Одан әрі конференция пар-тияның облыстық филиалының бұрынғы төрағасы, облыс әкімі Сергей Дьяченконың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметіне ауысуы-на байланысты күн тәрті-біндегі екінші мәселені қарауға көшті. Конференцияда осы мәселе бойынша сөз «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының хатшысы Владимир Бобровқа беріліп, ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ел халқына арнаған биылғы Жолдауында аймақтарды дамытуға ерекше мән берілгендігін атап көрсетті. Осыған байланысты аймақ басшыларына жоғары талаптар қойылып отырғандығын айта келе, партияның Ақмола облыстық филиалының төрағалығына облыс әкімі Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын ұсынды. Делегаттар бұл ұсынысты қызу қолдап, аталған кандидатура үшін бірауыздан дауыс берді. Сөйтіп, конференцияда облыс әкімі Қайрат Қожамжаров «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төр-ағасы болып сайланды.
-Бүгін мен үшін өте маңызды күн,-деді осы оқиғаға байланысты өзінің жауап сөзінде Қайрат Пернешұлы. -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пар-тиясына мүше болу, әрі бір облыстың партия ұйымын басқару өте абыройлы да жауапкершілігі зор іс. Менде бір ғана мақсат, бір ғана арман бар.
Ол - осы өңірдің әрбір тұрғыны үшін аянбай жұмыс істеп, Ақмола облысының көркеюі, жақсы санатта болуы үшін қолдан келген барлық жағдайды жасау. Келгелі шешілмей жатқан көптеген проблемалардың барына көзім жетіп отыр. Со-ның бәрін жөнге келтіру өзіміз-ге байланысты. Осы жұмыста тірегім сіздер. Сенімдеріңізге рахмет. Елге аздап болсын, жақсылық жасасақ, халқымыз бағалайды деп білемін.
Сондай-ақ, конференция барысында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Шойкиннің ұсынысы бойынша филиалдың саяси кеңесінің мәжілісі де бірге өткізілді. Мәжілісте саяси кеңестің бюро құрамы қайта қаралып, бірауыздан дауыс беру арқылы облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Қайрат Қожамжаров, облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков бюро құрамына сайланды.
Осымен партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясы өз жұмысын аяқтады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі