Өткен жылы еліміздің ауыл шаруашылығы саласы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 27 пайызға артып, 2,2 триллион теңгені құрады. Бұл туралы ақпанның 3-і күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылы атқарған жұмыстарына байланысты өткен алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім етті.Оның деректеріне қарағанда, өткен жыл бойына ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 1 адамға шаққанда 1,5 есеге артып, 1 миллион теңгені құрады. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 107,4 миллиард теңгені құрады. «ҚазАгро» холдингінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру мөлшері 235 миллиард теңгеге жетті.
«Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 есеге көп»,-деді миннистр.
Бұл 2010 жылдың көрсеткіштерінен 53 есеге көп. Аталған мәліметтерді ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков жария етті. Өткен жылы өсімдік өсіру оның құрылымдық және технологиялық диверсификациясы бойынша жүргізілді. «Нәтижесінде соңғы үш жылда майлы дақылдардың алқабын екі есеге, жабық топырақтан алынатын көкөніс көлемін 3 есеге арттыруға мүмкіндік туды. Сөйтіп, елде жыл бойына 1,1 миллион тонна майлы дақылдар жиналды. Бұл майлы дақылға деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді және мұндай жағдай елімізде алғаш рет қалыптасып отыр»,-деді министр.
«Елдегі тамшылап суарылатын аймақтар көлемі 17 мың гектарды құрап отыр, бұл осыдан үш жыл бұрынғы көрсеткіштен 9 есеге көп. Оның айтуынша, ылғалды сақтайтын технологиялар қолданылатын аймақтардың алқап көлемін заманға сай техникасыз ұлғайту мүмкін емес болатын. Абырой болғанда 2011 жылы ауыл шаруашылығы саласына 1 мың 291 трактор мен 1 мың 152 астық жинайтын комбайндар алынды. Ал ауыл шаруашылығына өткен жылы сатып алынған техникалардың жалпы көлемі 4,5 мыңды құрады. «ҚазАгро» арқылы ауыл шаруашылығы техникаларының лизингісіне 18 миллиард теңге бөлініп, 1 мың 622 техника сатып алынды. Бұл да алдындағы жылғы көрсеткіштен 26 пайызға көп»,-деді А.Мамытбеков.
Өткен жылы елімізде жылыжайлар құрылысы қарқынды жүріп, жабық топырақтан алынған көкөністің жалпы жиынтығы 28 мың тоннаны құрады.
Бұл 2010 жылдың көрсеткіштерінен 53 есеге көп. Оның деректеріне қарағанда, өткен жылы өсімдік өсіру оның құрылымдық және технологиялық диверсификациясы бойынша жүргізілді.
«Нәтижесінде соңғы үш жылда майлы дақылдардың алқабын екі есеге, жабық топырақтан алынатын көкөніс көлемін 3 есеге арттыруға мүмкіндік туды. Сөйтіп, елде жыл бойына 1,1 миллион тонна майлы дақылдар жиналды. Бұл майлы дақылға деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді және мұндай жағдай елімізде алғаш рет қалыптасып отыр»,-деді министр.
ҚазАқпарат