Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен танысты. Жұмыс сапарының қорытындысында аудан активін өткізіп, Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауынан туындайтын міндеттерді пысықтады.Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров алдымен, «Есіл - Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлы сүт фермасына ат басын тіреді. Серіктестіктің бас директоры Асылбек Есмағамбетов шаруа-шылықтарының дәнді бұршақ және майлы дақылдар өндіріп, өңдейтіндігін және мал шаруашылығын дамытуға да жете көңіл бөлінетіндігін атап өтті. Серіктестіктің құрамына «Ақылбай», «Баянбай», «Абылайхан», «Мәдениет», «Қарабұлақ», «Жаңатілек» ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен «Кенесары-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіреді. 112 адам еңбек ететін шаруашылықтардың 506 ауыл ша-руашылығы техникасы бар. Өткен жылы серіктестік 25727 гектар алқаптың әр гектарынан 24 центнер өнім жинады. Шаруашылық ірі қара мал, жылқы және қой өсіреді. Се-ріктестіктің тауарлы - сүт фермасында 1200 бас сиырға арналған қора, сиыр сауатын орын, асхана, кеңсе, техника тұрағы, жем-шөп қоймасы бар. Сиыр сауатын қондырғылар Швецияда жасалған. Барлық малдың жағдайы компьютер арқылы қадағаланады. Су құбыры және канализациялық жүйелер тартылған. 2009 жылы әкелінген асыл тұқымды 597 сиырдан екі жылдың ішінде 855 бұзау алынған. 2011 жылдың басынан бері 3275 тонна сүт сауылып, 3010 тоннасы өңделген. Фермада 46 адам еңбек етеді, орташа жалақы 50 мың теңгеден айналады. 2008 жылдан бері Щучинск қаласында «Айна» сүт зауыты жұмыс істеп келеді. 2011 жылы әр сиырдан сауылған сүт 6009 литрді құрады. Кәсіпорын сүт өнімінің 32 түрін шығарады және ол үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Өңір басшысы «Астана - Көкшетау» күре жолы мен Баянбай ауылына жақын жерде орналасқан «Нұртау» шаңғы базасында болып, жұмысымен танысты. Бұл спорттық-ойын сауық кешені 2009 жылдың соңында Көкшетау қаласындағы «Еркін жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаражаты есебінен салынған. Мұнда 500 адамды өткізе алатын аспалы жол жұмыс істейді. Спорттық құрылғылар жалға беріледі. Шағын қонақ үйлері мен дәмхана жұмыс істейді. Шаңғы базасында 18 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 35 мың теңгені құрайды. Облыс басшысы «Азияэнергопроектмонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Щучинск өндірістік филиалында болып, цехтарын аралап көрді. Кәсіпорын 1998 жылдан бері қуаты 10-нан 2500 киловатқа дейін сұйық отын және газбен жағылатын автономдық жылу жүйелерін, 40-500 киловаттық бу
қазандықтарын, түтін сорғыштар мен желдеткіштер шығарып келеді. 2007 жылдан бері полиэтилендік және сыртқа жылу шығармайтын құбырлар өндіріледі. Соңғы үш жылда әр түрлі су жылытатын бу қазандықтары шығарылуда. Мұнда 232 адам еңбек етеді. Орташа еңбекақы 77,2 мың теңге көлемінде. Жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған.
Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров Щучинск қаласындағы Көкшетаудан тартылған су құбырының суын тазалайтын станцияда болып, жұмысымен танысты. Мұнда Сергеев су қоймасынан келетін су тазаланып, ауызсу Щучинск қаласының тұрғындарына беріледі. Бұрын Щучинск- Бурабай курортты аймағының көлдерінен су алынып келген еді. Тек «Бурабай су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіп-орыны Щучье көлінен ауыз су мен коммуналдық қажеттілік үшін 1,2 миллион текше метр су алып, көлдің тартылуына себепші бол-ған. Елбасының Жарлығымен 2002 жылы «Көкшетау-Щучинск» ма-гистралдық су құбыры тартылды. 2009 жылы Ақылбай ауылынан Маяк төбешігіне дейін су құбыры тартылып, Щучинск қаласы мен Ақылбай селосында су тазалайтын станция пайдалануға берілді. Станция тәулігіне 8 мың текше метр су тазалайды. Мұнда 11 адам еңбек етеді.
Өңір басшысы Щучинск қаласындағы «Айналайын» балабақшасында болып, бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады. Екі қабатты балабақшаның ғимараты 2009 жылы қалпына келтіріліп, «Мерей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарамағына берілген. Бүгінгі күні балабақшадағы 140 бүлдіршін қос тілде тәрбиеленеді. Мұнда 40 адам еңбек етеді. Облыс басшысы № 2 орта мектепке ат басын бұрып, оқу кабинеттерін аралап көрді. Мұнда 798 оқушы орыс тілінде білім алып жатыр. Мектеп жанында 113 орындық «Айгөлек» шағын орталығы жұмыс істейді. Үш қабатты ғимарат автономдық бу қазандығы арқылы жылытылады. 2004 жылы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда 80 орындық асхана, компьютерлік сынып, мультимедиялық кабинет, спортзал, жабдықталған физика кабинеті, интерактивтік тақталы кабинеттер, концерт және мәжіліс залдары бар. Мектепте шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Өңір басшысы олардың өнерін тамашалады. Өткен жылдың қорытындысында мекеме «Жаңа оқу жылына үздік дайындалған мектеп» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, мектеп облыстық, аудандық конкурстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров «Термо-Транзит» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынында болып, Щучинск қаласы мен Зеленый Бор селосының тұтынушыларына жылу қалай берілетініне назар аударды. Кәсіпорын директоры Александр Лахтиковтың ай-
туына қарағанда, жеті бу қазандығы 297 көп қабатты үй мен 366 әлеуметтік сала нысандарына жылу береді. Шаруашылықтың техникалық паркін жаңа техникамен жабдықтау мәселесі туындау-да. № 1 бу қазандығы қаланың орталық бөлігіндегі 78 көп қабатты үй мен әлеуметтік саланың 208 ғимаратына жылу береді. Аязды күндері тәулігіне 10 тонна мазут жағылады екен. Бу қазандығында 44 адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы 65 мың теңгені құрайды.
Бұдан кейін өңір басшысы «Республикалық шаңғы спорты базасы» нысанында болып, құрылыс - монтаж жұмыстарының орындалу барысына назар аударды. 2005 жылы белгілі шаңғышы Владимир Смирновтың Щучинск қаласындағы шаңғы спорты орталығының құрылысын салу бастамасын мақұлдап, Үкімет республикалық шаңғы спорты базасын құру жөнінде шешім қабылдаған еді. 2010 жылы құрылыс қаржы жетіспегендіктен тоқтап қалды. Биыл нысанды бірінші кезекте тапсыру жоспарланып отыр. Құрылысты аяқтау үшін республикалық бюджеттен қосымша 1 миллиард 35 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұған дейін 7 миллиард 168 миллион теңге игерілген. Құрылыстың бас мердігері «Ферримекс Штальваренхандель Геселлшафт м.б. Х.» компаниясының Астана филиа-лы. Бүгінгі күні пайдалануды қамтамасыз ететін қызмет пен күзет бекеті орналасқан әкімшілік ғимараттарының, бассейні бар спорт залдар кешенінің және 100 орындық дәмхананың құрылыс жұмыс-тары аяқталып келеді. Төрт қабатты 184 орындық қонақ үйі ғимаратының, сондай-ақ, өзге де нысандардың ішкі және сыртқы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Негізгі және айналма жолдардың, биатлон мен шаңғы трассаларының, стадион мен ату алаңының, айып алаңының құрылыс жұмыстары 30-50 пайызға орындалған. Республикалық шаңғы спорты базасының жалпы сметалық құрылыстық құны 9 миллиард 298 миллион теңгені құрайды.
Облыс басшысы «Бурабай» арнайы экономикалық шеңберінде салынып жатқан туристік ойын -сауық кешенін көріп, қонақ үй құрылысының жұмысымен таныс-ты. Қонақ үйде 200 бөлме, 1000 шаршы метрді құрайтын мәжіліс залы, 1700 шаршы метрді құрайтын СПА ғимараты, қайықтар үшін айлақтар, мейрамхана, сауда және көрме бөлімшелері, ішкі шаруашылық бөлмелері бар. «Бурабай Туризм Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Селчук Йелкен бүгінгі күні нысандағы құрылыс жұмыстарының 70 пайызы орындалғанын айтты. Өңір басшысы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында болып, табиғат мұражайын аралап көрді. Ғимараттың үш залында Щучинск-Бурабай курорттық аймағы мен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағының макеті, минералдар, өсімдіктер мен жәндіктердің түрлері, жабайы жануарлар мен құстардың экспозициясы орналасқан. Сондай-ақ, мұнда интернет-кафе, мәжіліс залы, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Бурабайда тұрып, жұмыс істеген академиктер бұрышы, табиғат мұражайы бар.
Жұмыс сапарының соңында облыс басшысы Қайрат Қожамжаров Бурабай ауданы активінің кеңесін өткізіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап көңіл бөлетін өзекті мәселелерге назар аударды және нақты міндеттер белгіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі «Арқа Ажары» газетінің ақпаратынан