Аталған келісімді Қазақстан тарапынан Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев, ал Германия тарапынан ГФР-дің вице-канцлері, Экономика және технология федералдық министрі Ф.Ресслер мен ГФР-дің Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Х.Браун рәсімдеді. Ақпанның 8-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ГФР-ға екікүндік сапары аясында Қазақстан мен Германия үкіметтері арасындағы шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімге қол қойылды.
Құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ГФР-дің Федералдық канцлері Ангела Меркельдің арасындағы келіссөздерден кейін рәсімделді.
Аталған келісімді Қазақстан тарапынан Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев, ал Германия тарапынан ГФР-дің вице-канцлері, Экономика және технология федералдық министрі Ф.Ресслер мен ГФР-дің Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Х.Браун рәсімдеді. Екі елдің қарым-қатынасын сапалы деңгейге көтеруге бағытталған бұл келісім Қазақстанның шикізат қорына алдыңғы қатарлы неміс технологиясын қарқынды тарту үшін құқықтық және нарықтық негіз қалыптастырады.
Жалпы, Мемлекет басшысының сапары барысында бұдан бөлек үкіметаралық бес келісімге қол қойылды. Онымен бірге, жалпы инвестиция көлемі 3.3 млрд. еуроны құрайтын шамамен 50 экономикалық құжат рәсімделмек. Іс жүзінде аталған барлық жобалар Қазақстан аумағында алдыңғы қатарлы неміс білімі мен технологиясы қолданылатын шамамен жаңа 30 өндіріс орнын құруды қарастырады. Ондай жаңа өндіріс орындарына теміржол вагондары мен дөңгелек жұптарын, ауыл шаруашылығы техникаларын, энергиялық тиімді шыныларды, тікелей жапсарлы болат құбырларды шығаратын зауыттарды жатқызуға болады.
ҚазАқпарат