Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 3,8%-ды құрды.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтарда 2011 жылғы қаңтарға қарағанда 103,8% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2011 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жедел деректер бойынша Жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 27300,6 млрд. теңгені құрды. 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің өсуі 7,5% құрды. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 43,1% құрады, қызмет көрсету - 51,9%.
2012 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 193,1 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,3% кем.
2012 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 1298,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2011 жылғы қаңтарға қарағанда 1,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі өткен жылғы деңгейге сәйкес, өңдеу өнеркәсібінде - 5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 7,5% өндіріс өсімі байқалды. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 19,1% өндіріс төмендеуі байқалды.
2012 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 60,3 млрд. теңгені құрып, 2011 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,7% кем.
2012 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 37,9 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,4% өсті.
Есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 313,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,5% өсті.
Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 665,1 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтармен салыстырғанда 15,7% артты.
Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 13,2 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтармен салыстырғанда 12% өсті.
2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 126156,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 40,2% өсті, оның ішінде экспорт - 88117,7 млн. АҚШ долларын (48% өсті), импорт - 38038,7 млн. АҚШ долларын құрады (25% өсті).
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2012 жылғы 1 ақпанда 302753 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,3% артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар - 286248 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 178623 құрды, оның ішінде 163261 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы шағын кәсіпкерлік тіркелген субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 217820 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,8% артты.
Тұтыну баға индексі 2012 жылғы қаңтарда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,3% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 0,5%, азық-түлік емес тауарлар - 0,3%, ақылы қызметтер көрсетуге - 0,1% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы қаңтарда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1% төмендеді.
2011 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 54260 теңгені құрады. Өсім 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 18,2%, нақты ақшалай табыстар үшін - 10,1% құрады.
2011 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 119144 теңгені құрады. 2010 жылғы желтоқсанға қарағанда 22,5% өсті. Нақты жалақы индексі 2010 жылғы желтоқсанға 114,1% құрады.
2012 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 490,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы қаңтар соңына 47,8 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,5%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5%-ын құрады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасөз қызметі