«Біздің күшіміз татулықта!» атты облыстық жастар фестиваліне қатысушылар «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы ХII съезінің делегаттарына үндеу жолдады. Төменде үндеудің толық мәтінін келтіріп отырмыз.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының
ХІІ съезіне қатысушы құрметті делегаттары!
Біз, Ақмола облыстық жастарының «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының 10 жылдығы мен Ақмола облысының 70 жылдығына арналған «Біздің күшіміз–татулықта!» фестиваліне қатысушылар өз күш-мүмкіндігімізді, бар жастық қуатымыздың барлығын батыл бастамаларды жүзеге асыру үшін әрдайым әзір екендігімізді Сіздерге мәлімдегіміз келеді.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының жастар саясаты сенімді қарқынмен дамып келеді. Бұл «Нұр Отан» партиясының және оның көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастар мәселесіне ұдайы көңіл бөлінуінің және Қазақстанның болашағы жолындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, жастар жетекшілерінің кәсіби жағынан өсіп-жетілуі, жастар қозғалыстарының белсенділіктерін арттыру үшін жасалып отырған қамқорлық екендігін айқын танимыз.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін демократиялық мемлекеттің тиімді құрылымы болу қажеттігін атап көрсетеміз. Бұл көбінесе студенттер мен жұмыс істеп жүрген жастардың қоғамды қалыптастыруға белсенді араласуымен, олардың саналылығымен, азаматтық ұстамдарымен, әлеуметтік жағынан қорғалғандығымен айқындалады.
«Нұр Отан» партиясы жас қазақстандықтардың сапалы білім алып, лайықты еңбек етіп, өздерінің қабілеттерін жан-жақты көрсетуге күш жұмсап келеді. Қазақстанды гүлдендіріп, одан әрі дамыту үшін тұрақтылық пен қауіпсіздік аса қажет.
«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы – жастар партиясы. Біз осы Съездің елеулі бір өзгерістер әкелетіндігіне сенеміз.
Біз еліміздің озық ойлы жастары съезде айтылатын батыл ойларды жүзеге асыруға, тәуелсіз Қазақстанды одан әрі дамытуға бар күш-мүмкіндігімізді жұмсауға әзірміз.
Біз – жаспыз! Біз – белсендіміз! Біз алдымызға мақсат қоя білеміз! Біз өз Отанымызды сүйеміз!
Біз өз Отанымыз Қазақстан Республикасының жарқын болашағы үшін қолдан келгеннің бәрін де жасаймыз! Съездің жұмысына табыс тілейміз!
«Нұр Отан», «Жас Отан» – тілегі бір Қазақстан!
«Нұр Отан», «Жас Отан» – гүлдене бер Қазақстан!