Өңіріміздің басшысы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Альберт Рау, мерейтойлық съезд қарсаңында, партияластарын құттықтап, облыстық және оның аймақтық ұйымдарының жұмыстары туралы айтып берді, өз ойынша партияның болашағына ықпал ететін басты бағыттарды атап көрсетті. Төменде үндеудің толық мәтінін келтіріп отырмыз.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы
Альберт Рау, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі
Биылғы жылдың нұротандықтар үшін ерекше маңызы бар. Барлық партия мүшелерімен бірге біздің облыстық филиал да өздерінің мерейлі 10 жылдықтарын атап өтуде. Және де партияның өткелі отырған кезектен тыс ХІІ съезінің жұмысынан біздің бәріміз үлкен жаңалықтар күтіп отырған жағдайымыз бар.
Тәуелсіз еліміздің өткен кезеңінің он жылында жұмыс істей бастаған партия өзінің қоғамдағы және саяси аренадағы міндеттері мен мақсаттарын саралап, белгілеп алған кезең болғандығын айтуға тиістіміз. Өткен съезде «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасының қабылдануы сайлау алдындағы іс-жоспардан кейін халық қолдап кеткен маңызды, болашағы зор бағдарламаға айналды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында «Нұр Отан» партиясына қазіргі дағдарыс кезеңінде елді онан әрі дамыту жолында үлкен міндеттер мен жауапкершіліктер жүктеп отыр. Алғашқы күннен бастап партияның облыстық филиалы Жолдауды насихаттап, түсіндіру жұмыстарына белсене кірісті. Осы мақсат үшін партияның аумақтық және облыстық филиалдары жанынан 30 ақпараттық насихат топтары құрылған болатын. Сонымен бірге филиалдың жанынан құрылып, жұмыс істеп келе «Береке - Бірлік» аймақтық пікір алысу клубы да Елбасының Жолдауын түсіндіру ісінде үлкен жұмыстар тындырып жүр. Осы клуб мәжілістерінде айтылған ой-пікірлер, сын-ескертпелер, өтініш-тілектер ескеріліп, оларды нақтылы жүзеге асырудың шараларын да жасау тәжірибеге ене бастады.
Бұл мәселеде біз жемқорлықпен күрес шараларына байланысты қол қойылған облыстық партия филиалы мен құқық қорғау органдары арасындағы қарым-қатынас туралы меморандум аясында да осындай ұстанымдарды ұстанамыз.
Қазіргі уақытта партияның барлық филиалдарында жемқорлықпен күрес жөнінде қоғамдық Кеңестер құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына мәслихат депутаттары, үкіметтік емес бірлестіктер басшылары, басқа да саяси партиялар өкілдері енгізілді. Біздің облысымызда Партиялық бақылау комиссиясы бекітілді.
Партияның тұрғындар арасындағы мол беделге ие белсенділері тұрғын үй, жер және басқа да комиссиялар құрамына енгізіліп, жер телімдерін, пәтерлер бөлу, тендерлер өткізу кезінде жариялылықты қамтамасыз етуге жан-жақты ықпал етті.
Облыстық филиалдың жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен бірге жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының өздерінің қызмет бабын пайдаланып, халықты әуре-сарсаңға салуға байланысты мәселелер бойынша азаматтар шағымдарына тексеру жүргізу бағытындағы жұмыстарды кеңінен тәжірибеге енгізіп отырмыз. Сондықтан, айғақталған фактілер бойынша жан-жақты баға беріледі. Мысалы, жемқорлық іс-әрекеттері үшін Щучье ауданының әкімі Б.А.Ақанов, Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы Е.Г.Логинова, Степногорск қаласы Заводской кенті әкімінің орынбасары Г.Ю.Зима, Астрахан аудандық әділет басқармасының бастығы Б.А.Сәркенова және тағы басқалары партия қатарынан шығарылып, жұмыстарынан босатылды. Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы М.Г.Ибраев та партия мүшелігінен шығарылды.
Адамдар мен жергілікті биліктің өкілетті және атқарушы органдарына жан-жақты ықпал етудің бір жолы–барлық деңгейдегі нұротандық депутаттар жұмысын жақсы жолға қою. Ол түсінікті де, себебі, сайлау алдындағы тұғырнаманы орындау «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының қызметіне де тікелей байланысты. Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардың 276 депутатының 263-і (95,2 пайызы) «Нұр Отан» ХДП мүшелері болып табылады.
Биылғы жылдың 29 наурызында өткен мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына депутаттар сайлауында «Нұр Отан» ХДП кандидаттары сайлаушылардың басым даусын иеленіп, депутат болып сайланды.
Депутаттар жайлы сөз қозғағанда, былтырғы жылдың аяғында облыстық партия филиалы бастамасымен алғаш рет 2009 жылға арналған жергілікті бюджет жобасын талқылау жөнінде жариялы тыңдаудың болып өткенін де айтқанымыз жөн. Сондықтан, нұротандық депутаттар жұмысының қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері осы жылдың 29 қаңтарында өткен депутаттар форумында талқыға түсті. Сөйтіп, форум қорытындысы бойынша Ақмола облысының тұрғындарына «Нұр Отан» ХДП атынан мәслихат депутаттарының облыстық форумына қатысушыларының үндеуі қабылданды.
Облыс тұрғындарының үштен бірі–30 жасқа дейінгі жас адамдар болып табылады. Сондықтан да, облыстық партия ұйымы жастармен жұмыс істеу мәселесіне баса назар аударады.
Партияның «Жас Отан» жастар қанаты облыс бойынша 16 аудандық бөлімшеге біріккен жеті мыңнан астам жастарды ұсынады. Жасотандықтар басқа да жастар бірлестіктерімен, студенттердің құрылыс жасақтары облыстық штабымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істейді.
Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанаты жастарға патриоттық және экологиялық тәрбие беру, оларды жұмысқа орналастыру шараларымен де айналысады. Әсіресе, жастардың бойында ізгілік, мәдени және рухани құндылықтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтын орнықтыру жөніндегі жұмыстарға ерекше көңіл бөледі.
Өткен жылы алғаш рет «Нұр Отан» ХДП «Кадрлық резерві» жобасына сәйкес Щучье ауданындағы «Жұлдыз» балалар сауықтыру орталығы базасында облыстағы жастардың партиялық активінің екі күндік семинары өтті. Оған облыстың барлық өңірінен «Жас Отан» жастар қанатының 80-нен астам белсенділері мен мүшелері, сондай-ақ, Астана мен Павлодар қаласынан меймандар келді.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айының аяғында Көкшетау қаласында «Жас саясаткер» клубының тұсаукесері өтті. Бұл клуб білім беру және іс-тәжірибелік үрдістерді қолға алатын болады. Ол мемлекеттік органдарда, саяси қызметтерде жан-жақты жетілген жас адамдарды таңдау үшін тыңдаушыларға лекциялар оқу, тренингтер өткізу мақсатын ұстанады.
Міне, биыл екінші жыл мәслихат сессиясының жұмысына «Жас Отан» жастар фракциясының өкілдері қатысуда. Бұл жастарды аймақтардың маңызды мәселелерін шешуге ат салысуға тарту үшін жасалған игі қадам.
Көкшетау қаласында жастардың өкілетті органы – жастар мәслихатына тұңғыш рет сайлау өткізілді. Екі күн бойы қаладағы жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарында нағыз тартысты сайлау өтті. Сөйтіп, жастар мәслихатына 24 жас депутат сайланды.
«Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясы облыстық филиалы көңілділер мен тапқырлар қозғалысына да ерекше көңіл бөліп отырады. Біз үшін ол – тек тапқыр ойлы жастардың сайысы ғана емес, ең алдымен, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мінбері болып табылады. Облыстың КВН құрамасына қаржылай демеушілік көрсету мақсатында соңғы бір жарым жылда облыстық бюджеттен 2 миллион теңгеден артық қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде Астанадағы халықаралық жарысқа жолдама беретін біріншілікте облыс командасы сәтті өнер көрсетті. Біздің жігіттер биылғы жылғы біріншіліктің жартылай финалына жолдама алды.
Партияның ХІІ кезектен тыс сьезі қарсаңында тұңғыш рет жүздеген жастар қатысатын «Біздің күшіміз – татулықта» атты көктемгі облыстық жастар фестивалі өтеді. Оған көрермен ретінде мыңдаған жастар қатыспақшы.
Партияның халықтық тұғырнамасын жүзеге асырумен күнделікті айналыса жүріп, біздер еліміздің басты байлығы саналатын адамдардың бойындағы бәсекелестікті дамыту арқылы ел экономикасын көтеруге мүмкіндік жасалатындығын жақсы білеміз. Осыған орай, бүгінгі қалыптасқан қиындықтарға қарамастан денсаулық сақтау, білім беру саласын дамытумен тікелей айналысудамыз. Қазіргі дағдарыс жағдайын ескере отырып, бүгінде жұмыс істеп тұрған кәсіптік лицейлер арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие салалар бойынша жұмысшы мамандарын даярлау және қайта даярлау үшін қажетті жағдайдар жасалуда.
Облыстың агроөнеркәсіп саласы «Нұр-Отан» партиясының үнемі назарында болып қала береді. Бұл салада несиелендіру жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау мәселесі маңызды болып табылады. Партияның облыстық филиалы дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінген қаржыны таратуға бақылау жасайтын арнайы жұмыс комиссиясын құрды.
Біз үшін Елбасының Астана аумағынан азық-түлік белдеуін құру жөніндегі тапсырмасын орындау маңызды міндет болып саналады.
Жалпы алғанда, біздің партия және оның төменгі буындары қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық, дінаралық татулықты тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі таңдағы қол жеткен ең басты жетістігі және еліміздің гүлденуінің негізгі кепілі деп санайды. Сондықтан да, облысымызда, аудандар мен қалаларда мәдени-ұлттық оралықтардың, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің құрылуына, онан әрі дамуына жан-жақты қолдау көрсетіліп отырылады. Өмірде кездесетін барлық қиындықтарды жеңудің басты кепілі – халықтардың бірлігі. Дәл осы бағыттағы жұмысымызға облыс аумағында тіркелген саяси партиялардың филиалдары арасында қол қойылған қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауда өзара түсіністікпен бірлесе жұмыс істеу жөніндегі Меморандум анық дәлел бола алады.
Осы кезге дейін қыруар істер атқарылды, ал, істелетін жұмыстар онан да көп.
Қадірлі әріптестер, партиялас достар!
Баршаңызды «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, көтеріңкі көңіл күй, өмірде сәттілік және істеріңізге жетістік тілеймін!
ХІІ кезектен тыс сьезд делегаттарының жұмысы жемісті және нәтижелі болуына тілектеспін!