«Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХII съезіне облыстан құрамында 99 адам бар делегация қатысады. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Альберт Павлович Рау бастаған 40 партия мүшесі сайланған делегаттар. Сонымен қатар, съезге партияның 59 белсенді жақтастары шақырылған.
Ақмола облысынан қатысатын делегация құрамында – ҚР Парламенті Мажилисінің депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, партия ұйымдарының көшбасшылары мен ардагерлері, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың хатшылар мен депутаттары, аудандардың, қалалардың, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылық құрылымдарының, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер, газеттердің редакторлары, ЖОО ректоры, оқу орындарының, балаларды сауықтыру мекемелерінің, әскери-спорттық клубтардың басшылары мен оқытушылары, ұстаздар мен дәрігерлер бар.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы