ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Ө. Е. Шөкеевтің төрағалығымен Астана және Көкшетау қалалары маңында мемлекеттік нысандарды жайғастыру мақсатында жер учаскелерін резервтеу жөнінде республикалық селекторлық мәжіліс өтті.
Ақмола облысы әкімі С.А.Дьяченконың айтуынша, 2008 жылы облыс әкімдігі ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агентствосымен бірге облыс аумағында мемлекеттік нысандарды жайғастыру қажеттілігін белгілеу үшін біршама жұмыстар атқарды.
Ақмола облысы астаналық өңір екені ескеріле отырып, жұмыс екі бағытта жүргізілді – Астана қаласы маңында және облыс орталығы Кокшетау жанындағы елді мекендер бойынша.
ҚР Үкіметінің (18.04.1999 ж. №381) қаулысымен Астана қаласы маңы аймағы 239 мың га аумағында белгіленді, онда 11 елді мекен орналасқан (8 елді мекен бойынша бас жоспарлар жасалып бекітілген, 4 құрылыс схемалары бар).
Осыған ұқсас жұмыс облыс орталығы – Көкшетау қаласы маңындағы аймақ бойынша жүргізілді.
Мемлекеттік нысандарды жайғастыру құрастырылып бекітілген қаланың даму Бас жоспары бойынша, қаланың келешегі, 2020 жылға дейін халық санының өсуі ескеріле отырып жүзеге асырылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі