|
Үстіміздегі жылдың 27 тамызында Көкшетау қаласында ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті.
Оған облыстың аудандары мен қалаларының, қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық және қалалық мекемелердің басшылары, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты.
Жиналыста облыс әкімі Дьяченко С.А. сөз сөйледі.
ҚР Конституциясының 15 жылдығын атап өту барысында бір топ ақмолалықтарға облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды.
ҚР Конституциясының 15 жылдығын тойлау аясында «Халыққа арналған таңдаулы тауарлар» және «Өндірістік мағынасы бар таңдаулы тауарлар» номинациялары бойынша өткізілген «Қазақстанның үздік тауарлары» атты аймақтық конкурстың қорытындылары шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.
Облыс әкімінің баспасөз хатшысы
|