|
Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған мерекелік шеру өтті. Демонстранттар легі Қазақстанның астанасы Астана қаласында өтетін әскери парадтың трансляциясын көру үшін Тәуелсіздік алаңына жиналды.
Парад көрінісінен кейін шерушілер алдында облыс әкімі Сергей Дьяченко сөз сөйледі.
Өз сөзінде аймақ басшысы 1995 жылдың 30 тамыз күні біздің тарихымызда мәңгі қалады деді. Өйткені сол күні республика тұрғындары бүкілхалықтың референдумында білдірген өз ықтиярларымен еліміздін Конституциясын қабылдады. Ата Заңымыз елімізді мекендейтін және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық этностардың өкілдері үшін тең құқықтарды қамтамасы етті.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен осы ұйымның алдағы Астана қаласында өтетін Саммитіне төрағалық ету мәртебесіне ие болуы бұл біздің мемлекетімізді және оның Тұңғыш Президентін әлемдік қауымдастықтың тануының бір айғағы болып табылады.
Осы жылдар бойы мемлекетімізбен бірге елдің сарқылмас қоры Ақмола облысы өсіп дамып келеді. Қазір егістік алқабында астық жинау науқаны өтіп жатыр. Мемлекет басшысының елімізді индустриалдық инновациялық дамыту, өнеркәсіпті өркендету жөніндегі бағдарламаларда айтылған міндеттерді жүзеге асыру бағытында ақмолалықтар бар күш жігерін жұмсап, жұмыс істеп жатыр.
Аймақтың оқу, денсаулық сақтау мекемелері ойдағыдай дамып келеді, осы салаларда адамға және болашаққа деген қамқорлық өте айқын көрініп тұр.
Балабақшалар мен мектептер, ауруханалар, емханалар және селолық дәрігерлік амбулаториялар салынып жатыр.
Көпұлтты облыс тұрғындарының мәдениеттері, дәстүрлері мен тілдерін одан әрі дамытуға мүмкіндіктер бар деуге толығынан негіз бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған митингтен кейін мерекелік концерт болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
|