ҚР Премьер Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте 2005 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасының орындалу нәтижелері қаралып, келесі онжылдыққа бағытталған жаңа бағдарламаның жобасы ұсынылды. Мәжілістің күн тәртібіне сонымен қатар 2010 2014 жылдарға арналған салалық «Жасыл Даму» бағдарламасын бекіту мәселесі және қаулылар жобасын қарау еңгізілген.
Республикалық селекторлық мәжілісте бұдан басқа мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәселе қаралды. Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың айтуынша, мектептерді жаңа оқу жылына дайындығы ерекше бақылауға алынған.
2010 жылғы Жол картасы аясында 74,6 млн. теңгеге Аршалы ауданындағы Херсон негізгі мектебі жөнделген.
22 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу өткен (549,5 млн. теңге), 3 нысанда жұмыстар аяқталып келеді, 2 де жұмыстарды аяқтау мерзімі әлі келген жоқ.
Жөндеу жұмыстар оқу процесстеріне кедергі жасап отырған жоқ, өйткені алдын ала тоқтатылып қойған ғимараттарда – бөлек тұрған оқу шеберханаларында, спорттық залдарда, интернаттарды өткізіліп жатыр.
Үш ауысымда осы күні Целиноград ауданының Қоянды және Тайтөбе ауылындағы орта мектептердің 445 баласы оқиды. Осы проблемаларды шешу мақсатында аталған елді мекендерде республикалық бюджет күшімен 900 орындық (2011 жылдан 916,2 млн. теңге көлемінде) және 320 орындық (2013 жылдан 370 млн. теңге көлемінде) мектептер салыну жоспарланып отыр.
Облыстың барлық мектептері жылу мерзіміне толық дайын, нормативтік отын қоры қамтамасыз етілген (норматив 2 ай бола тұра, 3,5 айлық отын бар)
Оқулықтарды сатып алу мәселесі мемлекеттік жеке әріптестік арқылы шешіледі.
Окушылардың тегін оқулықтармен қамтамасыз етілуі, мектеп кітапханаларының қорларын ескергенде, 80 нен 90 пайызға дейін құрайды. ҚР Үкіметінің 09.02.2003 ж. № 173 Қаулысына сәйкес ата анадан қамқорсыз қалған мүгедек және жетім балалар 100 пайыз көлемінде оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Кадрлар қажеттігіне келсе, ағылшын тілі пәнінің 10 мұғалімі жетпеген. Бұл мәселе мұғалімдердің оқу жүктемесін басқаша бөлу арқылы шешілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі