Аймақ басшысы Сергей Дьяченко облыстық атқару органдары басшылары және облыс әкімдігі аппаратының бөлім менгерушілерімен кезекті аппараттық мәжіліс өткізді.
Мәжілістің басында облыс әкімі жиналғандарға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары істер басқарушы болып тағайындалған Ержан Рахимовты таныстырды. Бұған дейін ол облыс әкімінің көмекшісі болып қызмет атқарған. Сондай ақ, облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының жаңа бастығы Юрий Соловьевпен таныстырды.
Аппараттық мәжілісте көліктік бақылау инспекциясының өткен 8 айда атқарған қызметінің қорытындысы қаралды, сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандарында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналып өткізілген іс шараларға баға берілді.
Бірінші мәселе қаралғаннан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко автомобиль көлігімен жүктер мен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтау жұмыстарын күшейту туралы тапсырма берді. Көлік, әсіресе жолаушы таситын көлікті пайдалану тәртіптерін бұзатын
басшыларға қатаң талап қойылсын деді.
Қоғамдық мәні бар іс шараларды өткізуге облыс тұрғындарын және азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарту керек. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдыңын тойлауға осы күннен бастап байындалу керек, деді облыс басшысы.
Аппараттық мәжілістен кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко қоғамдық мәні бар іс шараларды дайындау, олардың мазмұнды болу жөнінде мәдениет және ішкі саясат бөлімдері қызметкерлерімен жиналыс өткіді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі