6 қыркүйек. Алдағы уақытта Көкшетау техникалық институтының негізінде Төтенше жағдайлар министрлігінің академиясын ашу көзделіп отыр. Осыған байланысты арнайы қалашық салу да қарастырылады. Өңір басшысы осы аталған оқу орнында болған кезінде бұл жаңа құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін көріп, білді. Бұл оқу орны өрт қауіпсіздігі саласының мамандарын даярлаумен айналысады. Жыл сайын 220 ге тарта кәсіби мамандар еліміздің түпкір түпкіріне жолдама алады. Институттың жеке құрамы облыс және республика аумағындағы өрт оқиғаларын ескерту, табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарына белсене қатысады.
Ал облыс орталығындағы «Блэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған облыс әкімі Сергей Дьяченко ағаш өнімдеріңн қазақтың ұлттық бұйымдарын жасайтын бұл кәсіпорынның өндірістік базасымен танысты. Қазір бұл кәсіпорында жиһаз және басқа да ағаш заттарымен бірге астау, табақ, ожау, сандық сияқты қазақтын ұлттық бұйымдары шығарылады.
***
8 қыркүйек. Сәрсенбі күні облыс әкімі Сергей Дьяченко Щучинск қаласындағы өрт сөндіру депосында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Владимир Божконың төрағалығымен өткен көшпелі алқа мәжілісіне қатысып, сөз сөйледі.
Алғашқы болып сөйлеген Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко қазіргі таңда Щучинск Бурабай курортты аймағын дамыту мәселесі жайлы айта келіп, оның табиғат аясын қорғау ерекше маңызға ие болып отырғанын атап көрсетті. Биылғы жылдың өзінде мұнда осы заманғы құрал жабдықтармен жабдықталған 3 өрт сөндіру депосы ұйымдастырылды. Облыс әкімінің айтуынша , осы өрт сөндіру құрылымдарының арқасында биылғы жылы орман және дала өрттерін және оның алдын алу көрсеткіші жақсарғаны алға тартылды.
Өңір басшысы министрге алдағы увқытта облыс аумағында тікұшақты өрт сөндіру бөлімдері мен апаттан құтқарудың әскерилендірілген құрылымдарын құру жөнінде өз ұсынысын жеткіді.
***
8 қыркүйек. Сол күні облыс әкімі С.А.Дьяченко Щучинск қаласында болып, оның абаттандырылу жағдайына да қанықты. Ол жергілікті билік өкілдеріне өзінің ескертпелерін де айтты. Ал курортты қаланың орталық базарында болған кезінде өзінің осы алдындағы сапары кезінде қойылған тапсырмаларының орындалу барысы жайлы көріп, білді. Әсіресе базардың өзі және оның ғимараттары мен кірме жолдарын тәртіпке келтіру бойынша жұмыстардың сылбыр жүргізілетінін атап көрсетті.
Сонымен бірге, аудандық қазандықтағы жағдайды аралап көріп, қысқа дайындықтың мардымсыз жүргізіліп жатқанына өкініш білдірді. Кәсіпорын басшысының есебіне қарамастан қазандықты жөндеу жұмысы созылатын түрі бар. Сондықтан өңір басшысы бұл жылу көзін пайдалануға беру мәселесін өзінің жеке бақылауында ұстайтынын айтты. Ол көрсетілген қызметке бюджеттік ұйымдар мен тұрғындардың берешектерін жедел жинау қажет екенін де атап көрсетті.
Облыс әкімі Щучинск қаласындағы теміржол вокзалын да аралап, ондағы көркейту жұмыстарына да назар аударды. Бұл жерде де әлі де біраз шараларды атқару қажет екенін де атап өтті
Бурабай ауданындағы «Аграрий» серіктестігінде болған облыс әкімі картоп өсірумен айналысатын бұл кәсіпорынның тыныс тіршілігімен танысты. Ол картоп сақтайтын қоймаларды және егістік алқаптарды аралап көрді. Кәсіпорынның қызметкерлерімен де кездесіп, әңгімелесті.
Бурабай ауданындағы жұмыс сапарынан кейін облыс әкімі Еңбекшілдер ауданының бірқатар шаруашылықтарын аралап, егін жинау науқанымен де танысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі