9 қыркүйекте облыс әкімі Сергей Дьяченко Науан қазірет атындағы орталық мешітте болып, намазға келген діндарларды Ораза айтымен құттықтады.
Өз сөзінде өңір басшысы қасиетті Рамазан айы аяқталғанын атап өтіп, бұл айдың ғибраты мол күндерінде әр адам тағылымды істерімен, ізгілігімен, мейрімділігімен көрінді деді. Ораза айты көпұлттық елімізде тұратын халықтардың басын қосуға септігі тиіп отырған мерекелердің бірі.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері діни ұйымдардың дамуына көп мүмкіншіліктер туып отыр, соның бір айғағы барлық жерлерде мешіттердің салынуы. Мысалға, бірнеше күннен кейін Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында жаңа мешіт ашылмақ.
Өздеріңізге мәлім, Көкшетау басында жақсы қарқынмен қаланың көркі болар зәулім жаңа мешіт салынып жатыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі