8 қыркүйек күні облыс әкімдігінде жергілікті атқару органдарындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдық орындарға тұру жөнінде екікезеңді сынама конкурс өткізу мәселесі бойынша семинар мәжіліс болды.
Семинар мәжілісті облыс әкімі аппаратының басшысы Б.З.Жұпынов ашып, жүргізіп отырды.
Семинар мәжіліске облыс әкімі аппараты бөлімдерін меңгерушілері, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдері аппараттарының басшылары, облыстық басқармалардың кадр қызметтерінің өкілдері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдық орындарға тұру жөнінде екікезеңді сынама конкурс өткізу жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Құлмағамбетов М.Қ. баяндама жасады.
Бұл сынама жобаны жүзеге асыру мақсаты мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеп алу процедурасын жетілдіру. Ол жоба бойынша мемлекеттік қызметке үміткерлер жанжақты тестілеуден өтіп, өздерін осы лауазымдарға лайықты екенін дәлелдеу керек.
Сынама жоба екі кезеңде өтеді. Оны жүзеге асыру мерзімі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 1 наурызына дейін.
Семинардан кейін аудандар мен қалалар әкімдері аппараттарының басшыларымен күнделікті мәселелер бойынша жиналыс өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі