11 қыркүйекте орталық Абылай хан алаңында «Денсаулық фестивалі» өтті. Бұл іс шара соңғы 10 жыл бойы үзілмей өткізіліп келеді. Мерекеге қатысушылардың жалпы сабы түзелгеннен кейін салтанатты ашылу рәсімі болды. Фестивальға қатысушыларды облыс әкімі Сергей Дьяченко, спортшылар және спорт ардагерлері құттықтады. Он минуттік денешынықтыру жаттығуларынан кейін Президенттік миля жүгірісінен жарыс өтті. Абылай хан алаңында денсаулық фестивалін өткізу кезінде сахнада спорт федерацияларының қойылымдық көрсетілімдері (шығыс жекпе жектері, кикбоксинг, көркем гимнастика және т.б.) өтті. Қалаушыларға салауатты өмір салтының әралуан аспектілері бойынша тегін консультациялар беріліп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды. Сонымен бірге салауатты тамақтану өнімдерін сату жәрменкесі, байытылған ұннан пісірілген нан өнімдері, сұлулық пен денсаулыққа арналған тауарлар, гүл дүкендері мен саяжай өнімдерінің көрмесі болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі