Селекторлық режімде ҚР үкіметінің отырысы болып, бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Оның ішінде аймақтардың қысқа дайындықтары туралы есептері тыңдалды және еліміздің индустриалдық инновациялық жылдамдатылған даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралды.
Бірінші мәселе бойынша үкіметке ақпарат бере отыра, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко аймақта қысқы жылу мерзіміне дайындалу жұмыстары аяқталып келе жатқанын атап өтті. 2010 жылдың 25 тамызына қарай толығынан білім беру нысандары дайын болды. 115 мың тонна көмір дайындалды, ол екі айлық қажеттіктің 88% құрастырады. Көмір мен мазут келісілген кесте бойынша келіп жатыр. Әр деңгейдегі бюджеттерден жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржылар толық игерілді. Осы күндері көрсетілген коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешектерді жою жолында әрекеттер жасалып жатыр.
Екінші мәселе бойынша өңір басшысы Сергей Дьяченко республикалық индустриалдық Картаға жалпы 556,2 млрд. теңге тұратын 9 инвестициялық жоба кірді деді. Аймақтық индустриалдық Картаға 4 жоба кірді, жалпы бағасы 12 млрд. теңге. Өткен бірінші жартыжылдықта 4 жоба аяқталып, іске қосылды, инвестиция сомасы 62,2 млрд. теңге. Екінші алтыайлықта 10,4 млрд. теңгеге бағаланған 4 жоба жүзеге асырылмақ.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі