Ақмола облысының әкімі Дьяченко С.А. облыс бойынша барлық қала, аудандарды абаттандыру, көше, аулаларды тазарту, елді мекендерді жасылдандыру, қысқа дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында айлық өткізу туралы қаулыға қол қойды.
Бұл құжатпен Көкшетау мен Степногорск қалалық және аудандық әкімдіктеріне 2010 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қазан аралығында барлық елді мекендерде санитарлық тазалық айлығын өткізу аясында нақты іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Өткізілетін айлықты қорытындылау үшін, облыс әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылды, оны басқару облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовке жүктелді.
Айлық жұмыстарының нәтижелерін шығару келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік аудан орталығы»;
- «Үздік селолық округі»;
- «Үздік елді - мекен (ауыл, кент, село)»
- «Үздік ПИК»;
- «Үздік үй»
Бұл іс-шараға қала мен аудан, селолық округтарының тұрғындары, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мекеме қызметкерлері, ұйымдар, ауылшаруашылық құрылымдары, кіші және орта бизнес өкілдері қатысуға тиісті.
Айлық 2 этапта өтеді:
I этап (2010 жылдың 15 қазанында) – қала, аудан деңгейінде қорытынды шығарылады;
II этап (2010 жылдың 20 қазанында) – облыс деңгейінде қорытынды шығарылады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі