Шортанды ауданында болған екі күндік жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Сергей Дьяченко бірқатар шаруашылықтарда болып, әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығымен танысты, егіншілермен және басқа да еңбек ұжымдары өкілдерімен кездесті.
Әкімге көрсетілген сондай нысандардың бірі – Жолымбет кеніші және оның кең байыту фабрикасы.Кеніш директоры Виктор Шевченконың айтуынша, өндіріс бір орында тұрған жоқ, әрқашанда жаңарып, жетілдіріп отырады. Бүгінгі күні кәсіпорынның барлық учаскелерінде мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалақы мөлшері орта есеппен 77 мың теңге құрайды.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко сондай ақ Жолымбет поселкесінің әлеуметтік саласымен танысты. Ол балалар үйі, балабақша, екі орта мектеп, балалар шығармашылық Үйі, «Ботагөз» балабақшасында және басқа да нысандарда болды. Әкімнің басты назары абаттандыру мәселесінде болды: соңғы кезде қоқыс тасып шығару, ескі үйлердің орнын тазартудың нәтижесінде поселке біршама көркейіп қалған түрі бар. Алдын ала айта кетейік, мұндай оң өзгерістер, облыс басшысының айтуынша, Дамса селосында да бар. Онда да елді мекеннің сиқын бұзатын қирап қалған құрылыстардың қалдығын тасып шығарып, әкімшілік ғимараттардың маңдай беттерін жаңартқан. Селода салқын сусындар шығаратын цехтың құрылысы басталған.
Новоселовка, Новопервомайка, Қаражар және Конкрынка шағын ауылдарының әлеуметтік нысандары мен өндіріс саласы да облыс әкімі Сергей Дьяченконың назарынан тыс қалмады. Болған нысандарда өңір басшысы қысқа дайындық, тазалық жөнінде тиісті ескертулер айтты.
Облыс басшысы Бектау орта мектебінің жанындағы интернат ғимаратында жүргізіліп жатқан жөндеу құрылыс жұмыстарының сапасына қанағаттанғанын білдірді. Бектау ауылын сумен қамтамасыз ету жөнінде аудан басшыларына нақты тапсырма берді. Одан кейін ол «Бектау» ЖШС егіс даласында болды – мұнда астық ору науқаны аяқталуға жуық екен.
Өңір басшысының жұмыс сапары барысында Новопервомай бө-гетінде болып, сондағы жағалық линияда атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Одан кейін Дамса ауылының жанындағы бөгетті көрді. Бұл жерде шлюз шаруашылығын жөндеуге жиырма миллиондай қаржы бөлінген екен. Аудан басшылары бұл қаржы толығымен пайдаланады, шлюз жөнделіп, төтенше жағдай болмауға барлық шаралар жасалады, деп сендірді.
Мектептердің жаңа оқу жылына толық дайындықпен кіргенін көргеннен кейін, салынып жатқан әлеуметтік нысандарда болып, өз бағасын берді. Раевка, Новокубанское, Петровка және Андреевка селоларын сумен қамтамасыз ететін құбырларды көріп, облыс әкімі жалпы Шортанды ауданында қыруар жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Новокубанское селосында жергілікті ЖШС өндірістік базасымен танысты, қырман басында әкімге биылғы жылы жиналған зығыр және бұршақ өнімдері көрсетілді.
Владимир Абермит басқаратын «Нива» ЖШС де ауылдың әлеуметтік өндірістік саласымен танысып, өңір басшысы бұл шаруашылықта атқарылып жатқан жұмыстарға, әсіресе асыл тұқымды жылқы өсіру кәсіпорнына жақсы баға берді.
* * *
Осы күндері облыс әкімі Сергей Дьяченко Ақмол ауылында да болды. Мұнда қазір көшелер, субұрқағы бар орталық алаң, саяжол мен скверде 2 мың метр аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен бейсенбі күні Оразақ ауылының қасында 3;5 км жарамсыз су құбырын ауыстыру арқасында Ақмол ауылына тұрақты су келді.
Құрылысшылардың айтуынша, белгіленген мерзімінен бұрын, 15 қазанда, балабақша іске қосылады. Облыс әкімі балабақша маңайы абаттандырылу керек екенін ескертті.
* * *
Өткен аптада өңір басшысы Сергей Дьяченко Қорғалжын ауданында да болып, «АстанаАгроПродукт» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.
«АстанаАгроПродукт» ЖШС гі, шетелдік сарапшылардың байыптауынша, кесек ет және вакуумдық орауышы бар кесілген ет шығаратын комплекс ретінде әлемдегі он өндірістің санына кіріп отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі