Өткен жұмада Қазақстан халқы тілдер күніне арналған салтанатты жиналыс болды.
Жиналыста сөйлеген сөзінде облыс әкімі Сергей Дьяченко Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен, оның сындарлы әрекеттерінің арқасында елімізде заманауи қоғамдық талаптарға сәйкес бірізділік тіл саясаты жүзеге асырылып келеді деп атап өтті.
Осының дәлелі үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде республикалық кеңейтілген мәжілісте 2011 2020 жылдарға арналған жаңа бағдарлама жобасының тұсау кесері болғаны.
Бұл бағдарламаға Елбасы төрт өте маңызды мемлекеттік бағдарламалардың бірі деген баға берді.Ол ойдағыдай орындалған жағдайда мемлекеттік тілді игерген қазақстандықтардың саны 60 пайыздан 95 дейін көтеріледі. Ал орыс тілін білетіндердің саны 90, ағылшынша сөйлейтіндердің саны 20 пайыздан кем болмайды.
Тіл – халықтың өзіне тән ерекшілігі, оның тарихы мен тағдыры және рухани өлшемі. Кезінде көрнекті ғалым лингвист, педагог Ахмет Байтұрсынов «тіл – халықты сақтап қалар не болмаса оның құрып кетуіне себеп болар ең қуатты құрал. Тіл жойылса, халықта жойылады» деп бекер айтпаған.
Менің ойымша, қазақ халқына Қазақстанда тұратын, оны өз Отанымыз деп санайтын барлық этностардың басын қосып демократиялық мәдени бірлік құрайтын тарихи миссия жүктелген.
Қазақстанда тұратын барлық этностардың рухани мәдениеттік және тіл қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында мемлекет тарапынан қамқоршылық жасалып отыр.
Орыс тілінің де ұлтаралық және халықаралық қатынастардың маңызды құралы болып отырғанын айтып өткім келеді.
Орыс тілін сақтап қалу керек екені дау туғызбайды. Ол әлемдік тілдердің бірі бола тұра, Евразия халықтарының арасындағы ұлтаралық қатынас құралы. Сондықтан оның интергациялық процесстердегі рөлі өте маңызды. Ағылшын тілін оқу қазақстандықтардың әлем деңгейінде бәсекелестілік дәрежесіне жетудің факторы.
Жуыр арада менің тапсырмам бойынша, деді әкім, №1 орта мектептің жанында ана тілдерін үйрету Орталығы жұмыс істей бастайды. Бұл орталықта оқушылар 11 ана тілдерін, оның ішінде қазақ тілі де бар, оқуға мүмкіндік алады.
Салтанатты жиналыстан кейін бір топ тіл жанашырларына облыс әкімінің және Көкшетау қаласы әкімінің, сондай ақ облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі