Өткен сенбі, 18 қыркүйек күні, облыс әкімі Сергей Дьяченко екі күндік жұмыс сапарымен Зеренді ауданында болып қайтты. Сапар барысында ол атқарылып жатқан өндіріс жұмыстарын көріп, мәдени-әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.
Шағалалы ауылында облыс әкімі Сергей Дьяченко сондағы оқу орындарында – ауылшаруашылық колледжінде және лицейінде болды, одан кейін ауылды абаттандыру жұмыстарымен және көкөніс өндіретін шаруа қожалығымен танысты.
Гранитный поселкесіне бару сапарының басты мақсаты мұндағы абаттандыру жұмыстарымен танысу болды. Жарамсыз ескі үйлерді бұзып, қалдықтарын тасып шығару, ауылда монша және шаштараз орындарын ашу, көшелерді жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелеріне жауапкершілікпен қарау керек екенін ескертіп, нақты тапсырмалар берді.
«Ардагер-Неруд» ЖШС нің басшысына өндірістік жұмыстарымен қатар поселкені абаттандыру шараларына көбірек назар аудару керек екенін ескертті.
Одан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко «Көкшетау – Петропавловск» жол учаскесінде «Кокшетау жолдары» ЖШС гі жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарын байқады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі