29 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірініші орынбасары Нурлан Нығматуллин Ақмола облысының Көкшетау қаласында жұмыс сапарымен болды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары облыс әкімі Сергей Дьяченкомен бірге салынып жатқан керамикалық кірпіш шығаратын «ENKI» ЖШС кәсіпорын құрылысымен танысты. Аталған жобаның ерекшелігі ол өңірлік индустриалды - инновациялық даму картасына еңгізілген, осы жылдың 4 тоқсанында жүзеге асырылмақшы. Зауыт жобалық қуаттылығына сәйкес жылына 60 млн.дейн кірпіш шығарады, 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар.
Содан кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірініші орынбасары Нурлан Нығматуллин және облыс әкімі Сергей Дьяченко Ақмола облысы жастарының өкілдері қалалық және аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалдарының Атқарушы хатшыларына арналған оқу семинарының тындаушылары және "Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша Зеренді ауданында жұмыс істеп жатқан жас мамандармен кездесті.
Кездесу барысында жастар түрлі сұрақтарды алға тартты. Олар "Дипломмен ауылға!" бағдарламасының болашағы қалай болмақ, жасотандықтардың мектеп оқушыларымен жұмыс істегенде қандай ерекшеліктер болу керек деген және басқа да сұрақтар қойды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі