Облыс әкімі Сергей Дьяченко біздің жерлесіміз, қазақ халқының көрнекті ғалымы, зертеушісі және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ескерткішін ашу рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.
Митингке қатысушыларға, Шоқан Уәлиханов атындағы жергілікті университеттің студенттері мен оқытушыларына арнап сөйлеген сөзінде өңір басшысы өткізіліп жатқан шараның маңыздылығын атап өтті.
Одан кейін облыс әкімі Сергей Дьяченко ұлы ғалымның ғылыми және әдеби мұраларына арналған халықаралық конгресске қатысып сөз сөйледі.
Биылғы жыл, деді өңір басшысы, ақмолалықтар үшін даңқты жерлесіміз, ұлы ғалым, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толуымен ерекше есте қалғалы отыр. Оның тұлғасының және талантының жаңа қырларын ашуға көзделген іс шаралар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың назарында.
Шоқан Уәлихановтің туған жері – Көкшетау өңірінде де оның бар ғылыми, әдеби мұраларына үлкен ықыласпен қарайды.
Ақмола облысында Шоқан Уәлихановтің аты осы өңірдегі білім көшбасы болып саналатын Көкшетау мемлекеттік университетіне берілген. Бізде жыл сайын халықаралық уәлиханов оқулары, «Шоқанға жол» атты халықаралық жобаның аясында әртүрлі шаралар өтіп отырады. Жастардың «Шоқан» ғылыми зерттеу клубы және «Шоқан және XXI-дың ғылымы» атты ғылыми лекторий жұмыс істейді.
Шоқан Уәлиханов өз халқының шын мәніндегі төл перенті ретінде қазақ халқының тұтастығы, оның мемлекеттілікке қол жеткізуі жөнінде армандап өткен тұлға.
«Шоқан бабамыздың 175 жылдық мерейтойының Қаақстанның ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымда төрағалық етіп келе жатқан биылғыдай жылы аталып өтілуінің өзі тегін болмаса керек, деп атап өтті облыс басшысы Сергей Дьяченко».
Халықаралық конгрессте бірқатар ғалымдар баяндамалар жасап, өз ойларын ортаға салды..
Облыс әкімінің баспасөз қызметі