1 Қазан күні облыс әкімі Сергей Дьяченко қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығының басталуына орай Бурабай ауданындағы Щучинск дәрігерлік әлеуметтік мекемесінде болды.
Аймақ басшысы сондағы тұратын қарт адамдарды құттықтай келе, ардагерлерге қамқорлық таныту басты міндеттеріміздің бірі деп атап өтті. Отанымыздың дамуына Сіздердің қосқан үлестеріңіз мол, денсаулық пен күштеріңізді аямай адал енбек еткендеріңіз ешқашан ұмытылмайды, Сіздердің өмірлеріңізге жағдай жасау біз міндеттіміз деп атап өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, біздің қасиетті борышымыз – қарт адамдарға қамқор болып, олардың өмірін жақсартуымыз керек. Бүгін мемлекетіміз қарт адамдарға жан-жақты көмек көрсетеді, әлеуметтік кепілдік және жеңілдіктер жасау жұмыстары жүргізіледі.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко сондағы тұрған ардагерлерге, қарт адамдарға облысымызда көп жылды қайратты енбек еткені үшін зор денсаулық тілеп, үлкен алғыс айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі