Өткен сенбі- жексенбі күндері Астананың «Шапағат» коммуналдық базарында Ақмола облысының 8 ауданы жәрменке өткізді. Бірінші күні жәрменкеге Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын және Астрахан аудандарының тауар өндірушілері келді, сол күні астаналықтарға 8 млн.теңгеден астам сомаға өнімдер сатылды. Келесі күні астаналық жәрменкеге Целиноград, Шортанды, Ақкөл және Егіндікөл аудандарының тұрғындары ие болды, олардың да саудасы сәтті болды.
Сенбі күнгі жәрменкеге Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко мен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Республикалық БАҚ- на берген сұхбаттарында олар мұндай жәрменкелер Елбасының тікелей тапсырмасымен өткізілетінін айтты.
Айта кетсек, астананың негізгі базарларымен салыстырғанда, ет, жұмыртқа және көкөніс өнімдерінің бағалары мұнда 15-20 пайызға төмен.
Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко жәрменке басында жексенбі күні де болды.
Дәл осындай жәрменке жексенбі күні Көкшетау басында да өтті.
* * *
9-10 қазан күндері, демалыс болғанына қарамай, облыс әкімі Сергей Дьяченко жұмыс сапарымен Целиноград және Ақкөл аудандарында болды. Астананың түбіндегі Қосшы поселкесінде өңір басшысы жедел жинау әдісімен салынып жатқан қазандықты көрді. Мердігерлердің айтуынша, бұл қазандықта арзан көмір жағылатын болады, «Лесная поляна» шағын ауданы тұрғындарына өте қолайлы: үй де жылынады, коммуналдық тариф те төмендейді. Бұл шешім өткен қыста пайдаланған электрқазандықтардың тиімсіз болғанынан кейін қабылданып отыр.
Целиноград ауданының Ақмол ауылында облыс әкімі Сергей Дьяченко ауылды көркейту жұмыстарымен танысты, ауыл тұрғындарымен бірге орталық алаңда ағаш отырғызуға қатысты. Осы күзде аудан орталығында отырылғызған теректер мен шыршалардың саны 300 данаға жетпек. Жасыл өсімдіктер орталық алаңнан саяси құрбандар монументіне дейін созылған 2 километрлік аллея бойынша бой көтермек.
Сонымен қатар, облыс әкімі аяқталуға жақын балабақша құрылысында болды. Онда ол жұмыс барысымен танысып, болашақ балабақшаға жұмысқа алынатын адамдардың, тәрбиеленетін балалардың тізімімен танысты.
Содан кейін ол көпқабатты үйлерде тұратын адамдар ауыз сумен қалай қамтамасыз етілетініне назар аударды. «Черемушки» шағын ауданында болғанда ол жоғарғы этаждардағы пәтерлерге су тұрақты беріліп тұратынын өз көзімен көрді. Бірақ, жуырда құбырлар жарылу салдарынан кейбір үйлерге сападан төмен су берілетінін атап өтіп, оны жөндеу туралы нақты тапсырма берді.
Өңір басшысы сол күні салынып жатқан 60 орындық қоғамдық моншада болып, жұмыс қарқынына риза болды. Бұл монша жуыр арада іске қосылмақ.
Ақкөл ауданында облыс басшысы Сергей Дьяченкоға пайдалануға беріліп жатқан «Кереге Астана» кірпіш зауыты және жылына 6000 тонна ет өндіретін «SC FOOD» ЖШС ет өндіру кешені көрсетілді. Соңғы аталған кәсіпорынның негізінде 2800 бас қара малға арналған бордақылау алаңы, 2400 бас қара малдан және 3600 бас жылқыдан тұратын тұқым жақсарту шаруашылығы ашылмақ. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында мал шаруашылығы саласына жаңа технологиялар мен стандарттар еңгізілмек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі