.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко өткен жұма күні «Еркемай» және «Жулдыз» атты жуырда жөңделген балабақшаларға барып шықты.
Онда жуырда телесюжетте көрсетілгендей, аталған балабақшаларда құрылыс жұмыстары аяқталған, бірақ қажетті жиhаздардың жоқтығынан осы күнге дейін балаларды қабылдай алмай отырғандығы рас болып шықты.
Қала басшылары мен білім беру саласының өкілдері мектеп жасына дейінгі мекемелердің ашылмай отырғаны қаржы жетіспеушілігінен деп түсіндірді.
Жиhазды сатып алуға, тәрбиелеушілерге және бала бағушыларға төлем ақы төлеуге қажетті қаржы қалалық бюджетке салынуға тиісті, бірақ әзірше ондай қаражат түспей тұр.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко жөндеу жұмыстарының сапасын көріп, бақшалардың маңайында жүргізіліп жатқан көркейту шараларымен танысып шықты.
Өңір басшысы балабакша мекемелерін қаржыландыру мәселесін өз бақылауыма алам, жақын арада бұл мәселе шешіледі деп уәде берді.
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы бойынша балаларды балабақшамен қамтамасыз ету деңгейі бар жоғы 46 пайыз құрайды, ал осы екі бақша және «Айша» балабақшасы іске қосылғанда бұл көрсеткіш 56 пайызға дейін өседі.
Облыс әкімі қала басшыларына облыс орталығын одан әрі абаттандыру жөнінде тапсырма берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі