Облыс әкімі Сергей Дьяченко №1 орта мектебінде ашылған "Шанырақ" жексенбілік мектебінің жұмысымен танысты.
Онда екі жүзден астам балалар оқиды. Бес жастағы және одан ересек балалар тәжірибелі оқытушылардың көмегімен мемлекеттік, орыс және басқа тілдерге үйрене алады.
Мысалы, екі топқа бөлінген 44 жасөспірім корей тілін меңгеріп жатыр, татар, неміс, ингуш және поляк тілдерін білгісі келетіндерде аз емес.
"Шанырақ" жексенбілік мектебінде азербайджан, армян, украин және де өзбек тілдерінде сабақ жүреді.
Оқушылар керекті оқулықтармен толығымен қамтылған, олар тілдері оқытылып жатқан республикалардан жеткізілген.
"Шанырақ" мектебінің ұйымдастырушылары петропавлықтардың тәжірибесін қабылдамақшы, өйткені мұндай мектеп оларда ашылғалы бес жыл болды.
Өңір басшысы Сергей Дьяченко мүғалімдермен және оқушылармен танысып, бұд бастаманың маңыздылығын атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі