ҚР Премьер Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен бейнеконференция жүйесі тәртібінде селекторлық мәжіліс өтті, Қазақстанда жылдамдатылған индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде Мемлекеттік басқару орталығында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде жылдың соңына дейін жобаларды іске қосу мәселесі талқыланды.
Үкімет отырысында бұл мәселе бойынша ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі және де басқа салалық ведомстволар, сонымен қатар өңір басшылары есеп берді.
Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша екінші жартыжылдықта 6 жобаны іске қосу жоспарланған, бірақ та Индустриализация картасына енгізілген өзгерістерге байланысты олардың саны бүгінгі күні 11 жетіп отырғаны туралы Үкімет басшысына хабарлады. Жобалардың жалпы құны 10,4 млрд. тенге. сомасын құрайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі