Кезекті аппараттық мәжілісті облыс әкімі Сергей Дьяченко кадрлық өзгерістерден бастады. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің бастығы болып Есіркепов Е.О. тағайындалды, бұған дейін ол ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің әкімшілік жұмыстары жөніндегі департаментінің директоры қызметін атқарған.
Сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөңіндегі Есіл бассейндік Инспекция бастығының орынбасары болып Маженов А.С. тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалмай тұрып, ол «Степногорск – су арнасы» МКК ШЖҚ бастығы болған.
Аппараттық мәжілісте мәдениет басқармасының өткен 9 айда атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Аталған мерзімде мәдениет саласындағы мекемелер мен кәсіпорындар бірқатар жұмыстар атқарғаны аталып өтті.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы көлемі ағымдағы жылда 1 млрд. 693 млн. 984 мың. тенге құрады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 12,8% - ға көбірек.
Бұл Бурабай ауданында 3 ауылдық кітапхана ашуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл ауданда мемлекеттік балансқа селолық клуб алынған. Осындай әрекеттердің нәтижесінде облыста бүгінгі күні 692 мемлекеттік мәдени кәсіпорындар мен мекемелері жұмыс істейді.
Өткен кезеңде жергілікті бюджеттің есебінен мәдениет нысандарының материалды-техникалық базасы нығайтуға 85 млн. 645 мың 100 тенге жұмсалды, одан басқа 20 млн.851 мың. 400 тенге көлемінде бюджеттен тыс қаражат ұсталды.
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен Красный Яр ауылының «Кокше» мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу үшін 16 млн.799 мың 400 тенге сомасы бөлінді.
Астрахан ауданында жергілікті бюджеттен мәдениет үйіне 16 млн. астам тенге қаражат бөлінді, қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Сандықтау ауданындағы мәдениет үйінің күрделі жөңдеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды. Оған 919,0 мың.тенге бөлінген.
Облыстық кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бекишев К.Р мәжіліске қатысушылардың алдында қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы өткізіліп жатқан жұмыстар туралы мағлұмат берді.
Бүгін күні облыстық кәсіподақтар федерациясы 10 облыстық салалық кәсіподақтарды біріктіреді, ал олар өз кезегінде 1175 бастауыш кәсіподақтар ұйымдарына кіретін 79116 кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғайды.
Елбасының бастамасымен соңғы екі жылдан астам уақыт жалпыреспубликалық «Ұжымдық шартқа тұрайық!» атты акция өтіп жатыр.
Осы уақыт ішінде ұжымдық шарттқа тұрғандардығ саны біршама өсті, ағымдағы жылдың 1 қазанында берілген деректер бойынша 2867 ұжымдық шартқа қол қойылған, бұл облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 36,6 пайызын құрайды.
Сондықтан, кәсіподақ ұйымы бар жерде, ұжымдық шарттар бар, ол жұмыс берушінің озбырлығынан қызметкерлерді қорғайды.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко қарастырылған сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар берді. Бірқатар тапсырмалар әлеуметтік және өндіріс салаларына берілді, олар мәдени нысандарды және тұрғын үйлерді қысқа дайындауға байланысты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі