Облыс әкімі Сергей Дьяченко Рухани келісім күніне арналған этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылардың алдында қоғамда рухани келісімді күшейту, конфессия аралық қарым-қатынасты үндестіру, діни бірлестіктердің өзара түсінушілік пен төзімділігін нығайту, азаматтардың мүдделері мен құндылықтарын қорғау, діни сенім бостандығын қамтамасыз ету - бұл мемлекеттік ішкі саясатының басымдықтары екендігін өңір басшысы атап айтты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен Қазақстан жерінде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтті, біздің ел жалпы адамзаттың шынайы құндылықтарының негізінде диалогтік алаң болуға дайын екенін әлемге паш етті.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко осы кездесу өте маңызды деді, өйткені ол Халықаралық мәдениеттердің жақындасу, Қазақстанның ЕҚЫҰ на төрағалық етіп отырған жылы өтіп жатыр. Одан қалды, барлығымыз өте маңызды тарихи оқиғаның қарсаңындамыз – үстіміздегі жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада ЕҚЫҰ-на кіретін 56 мемлекет өкілдерінің қатысуымен Саммит өтеді..
Кездесуде өңір басшысы біздің елде діни сенім бостандығы заң жүзінде бекітіліп, нақты орындалып келеді. Азаматтардың рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалғанын айтып өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі