Ақмола облысының құтқарушылары өздерінің кәсіби мерекелерін үлкен салтанатпен атап өтті. Осыдан 15 жыл бұрын 1995 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған еді. Содан бері өткен уақыт ішінде бұл құрылым агенттік, содан кейін жеке министрлік болып құрылып, апаттардың алдын алу мен оның салдарын жою жөніндегі өздеріне тапсырылған міндетті абыроймен орындап келеді. Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніңдегі департаменттің бастығы, полковник Вадим Пранге қол жеткен жетістіктер мен алда тұрған міндеттер жайлы баяндап, өзгелерді құтқару үшін өз өмірлерін қатерге байлайтын ержүректілік пен батылдықты қажет ететін осы мамандықтың иелері кәсіби меркелерімен құттықтады. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ардагерлері кеңесінің төрағасы Боранбай Сыздықов аталмыш салада енбек етіп жүрген азаматтар мен зейнет демалысындағы ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтай отырып, жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Бұдан кейін облыстың барлық өңірлерінен келген «Көкшетау» мәдениет сарайында бас қосқан құтақарушыларды марапаттау рәсімі болды. Жоғары кәсіби біліктілікке жетіп, еңбегімен ерекше көзге түскен құтқарушылар Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ақмола облысы бойынша жағдайлар жөніңдегі департаменттің дипломадарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Мереке құрметіне мәдениет сарайы жанында төтенше жағдайлар қызметіне қарасты өрт сөндіру техникаларының көрмесі ұйымдастырылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі