Өткен аптада өңір басшысы Сергей Дьяченко жұмыс сапарымен Есіл және Жақсы аудандарында болды.
Есіл ауданындағы жаңадан салынып жатқан 420 орындық қазақ мектебінде болды, бұл құрылысты «Кокшетаустрой» ЖШС-гі Сергей Шафаровтың басшылығымен жүргізіп жатыр.
Есіл ауданындағы сапарында облыс әкімі Сергей Дьяченко салынып жатқан тұрғын үйлерге және қалпына келтіріліп жатқан нысандарға басты назар аударды. Жаңадан салынып жатқан 45 және 16 пәтерлі тұрғын үйлерді және бұрынғы балабақша ғимаратын қарап шықты.
Сонымен қатар жұмыс сапарында Есіл ауданындағы КЛ-7, қаланы жылумен қамтамасыз ететін №6 қазандықты көріп шықты.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко Есіл қаласының су құбырларын қалпына келтіру бағдарламасы бойынша салынған екінші су айдау станциясын іске қосу салтанатына қатысты.
Облыс әкімі Заречное, Свободное, Красногорский селоларының тұрғындарымен, жергілікті ЖШС-гі басшыларымен кездесті.
Жақсы ауданында облыс әкімі Сергей Дьяченко бірқатар шаруашылықтарда болып, әлеуметтік нысандарымен танысты, аурухана мен мектептерді қарап шықты және басқа да еңбек ұжымдары өкілдерімен кездесті.
Кировское ауылында өңір басшысы салтанатты жиынында екі механизатор жанұяларын, қоныс тойымен құттықтап, жаңа пәтерлерінің кілттерін тапсырды.
«Каражон» ЖШС-нің басшылығы бұл үйлерді өз қызметкерлері үшін арнайы салғызған.
Осы ауылда өндірістік базасы жақсы қамтылуда, мұнда техникаға арналып ангар салынған. Әлеуметтік мәселелерге көп назар аударылады, соның бір дәлелі жаңадан ашылған 25 орындық бала бақшасы.
Өңір басшысының айтуынша, мұндай оң өзгерістер Новокиенка мен Киевское ауылдарында да бар. Соңғы елді мекенде облыс басшысы Сергей Дьяченко бос уақыт өткізу орталығының салтанатты ашылуына қатысып, сөз сөйледі. Онда арнайы спорт бөлмелері, шаштараз, салтанатты жиындарын өткізуге және қонақтарды қарсы алуға арналған залдар бар.
Жақсы ауылында жөнделген емхананың сапасын қарап шықты, жақын арада салынған жаңа мешітте болды, онда сол сәтте үлкен кісілердің батасын алуға келген жас жұбайлардың үйлену рәсімі өтіп жатты.
Облыс әкімі Сергей Дьяченко жас жұбайларды неке қию рәсімімен құттықтап, оларға бақыт тіледі.
Аудан орталығында, өңір басшысы, басты назарын сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқтатты.
Ауылға су жіберетін сорғыш станциясын қайта қалпына келтіру керек екендігі аталып өтті.Бұл мәселені кезек күттірмей тез арада шешуді, сөйтіп аудан орталығы тұрғындарына сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі