Үстіміздегі жылдың 27 қазанында облыс әкімі Сергей Дьяченко облыстық мәслихаттың кезектен тыс 28-і сессиясының жұмысына қатысты. Аймақ басшысы халық қалаулыларының алдында сөз сөйлеп, олардың облыстық бюджетке ұсынылған өзгерістерді қолдап, сындарлы талқылағандары үшін алғысын білдірді.
Осы бағытта одан әрі үйлесімді жұмыс жүргізу қажет екендігін айтып өткен басшы, мемлекеттік ресурсқа астықты өткізуді ұйымдастыру, тиімді біртұтас бюджеттік саясатын іске асыру мәселелеріне тоқталды.
Аймақ басшысы Сергей Дьяченко жылдың төртінші тоқсанында атқарылатын бірінші кезектегі негізгі міндеттерді атап өтті. Оның ішінде индустриаландыру бағдарламасы, Жол картасы, Астана қаласының айналасында азық-түлік белдігін жасау, жылу беру маусымында атқарылатын және тағы басқа жұмыстар бар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі